О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в Абайском районе Карагандинской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облысының Абай ауданында оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысының Абай ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған кезде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі салықтық кезең үшін алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4%-дан 2%-ға дейін төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі және ресми жариялануға жатады.