О понижении размера ставки налогов по специальному налоговому режиму на основе упрощенной декларации в районе Жаңасемей Қолданыста
Басқа 0
Жаңасемей ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтарының мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес Жаңасемей аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жаңасемей ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға дейін төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.