Об установлении публичного сервитута на земельный участок в поселке Сарыколь в пределах улиц Тәуелсіздік и Алибек батыра Қолданыста
Басқа 0
Тәуелсіздік және Әлібек батыр көшелерінің шегінде Сарыкөл кентінде жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес:
Тармақ 1
1. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінде Тәуелсіздік және Әлібек батыр көшелерінің шегінде орналасқан, ауданы 0,0185 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге «Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентіндегі Тәуелсіздік және Әлібек батыр көшелерінің шегінде инженерлік желілер мен қазандық (БМК) салу» объектісінің жылу желілерін пайдалану және оларға қызмет көрсету үшін шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы өкімді эталондық бақылау банкінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялауға жіберу;
Тармақша 2
2) Осы өкім ресми жарияланғаннан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылсын.
Тармақ 3
3. Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.