Об отмене некоторых решений маслихата района Самар Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Самар ауданы мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына сәйкес, Самар ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Самар ауданы мәслихатының келесі шешімдері жойылсын:
Тармақша 1
1) «Шығыс Қазақстан облысы «Самар ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 2-8/VIII (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 180473 болып жарияланған);
Тармақша 2
2) Самар ауданы мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысы «Самар ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 2-8/VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-3/VIII (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 190664 болып жарияланған).
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.