Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в Буландынском районе Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұланды ауданында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін айқындау туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесі айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Бұланды ауданында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін айқындау туралы
Бұланды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 8С-34/13 шешіміне қосымша Бұланды ауданында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін айқындау туралы
Тармақ 1. 1. Бұланды ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
1. Бұланды ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Тармақша 1
1) Қарыз сомасының 10%, бірақ мемлекеттік қолдау шарасы түрінде 1,5 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды.
Тармақ 2. 2. Бұланды ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
2. Бұланды ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Тармақша 1
1) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 2
2) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
Тармақша 3
3) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
Тармақша 4
4) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
Тармақша 5
5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
Тармақша 6
6) Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары.