О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в Аягозском районе Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аягөз ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аягөз ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері есепті салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.