Об утверждении Правил возмещения расходов за использование транспорта физических и юридических лиц для выполнения работ, связанных с ликвидацией чрезвычайных ситуаций Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 53-1-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабына сәйкес әзірленді және төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Шығыстарды өтеу меншік құқығын сақтау және көлігі төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға пайдаланылған көлік иелеріне экономикалық зиян келтіруге жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу тәртібі
2-тарау. Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу тәртібі
Тармақ 3
3. Төтенше жағдайларды (бұдан әрі – ТЖ) жоюға байланысты жұмыстарды орындауға автомобиль, ішкі су, теңіз, әуе және теміржол көліктерін пайдаланумен тікелей байланысты шығыстар өтеледі.
Тармақ 4
4. Автомобиль, ішкі су, теңіз және әуе көлігі үшін мынадай шығыстар өтеледі:
Тармақша 1
1) шот-фактуралармен, жол парақтарымен (бар болса), кеме журналдарымен немесе өзге де төлем және (немесе) есеп айырысу құжаттарымен, сондай-ақ отын мен жағармай материалдарының нақты шығыны туралы актілермен расталған отын, жағармай материалдары және басқа да пайдалану сұйықтықтары;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданыстағы нормаларына сәйкес есептелген көліктің амортизациялық аударымдары;
Тармақша 3
3) егер көлік ТЖ жоюға байланысты жұмыстарды орындау үшін пайдаланылған сәтте ол жалдау, кеме жалдау (чартер), лизинг шарты немесе өтеулі пайдалануды көздейтін және тиісті төлем және (немесе) есеп айырысу құжаттарымен расталған өзге шарт негізінде жеке және заңды тұлғалардың пайдалануында болса, жалдау ақысы;
Тармақша 4
4) теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтері (порт алымдары) (теңіз көлігіне қолданылады);
Тармақша 5
5) әуе көлігі бойынша ұшу сағатының өзіндік құны;
Тармақша 6
6) әуежайдың көрсетілетін қызметтері (әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері) (әуе көлігіне қолданылады);
Тармақша 7
7) аэронавигациялық қызмет көрсету үшін төленетін ақы (әуе көлігіне қолданылады);
Тармақша 8
8) ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге төленетін ақы (әуе көлігіне қолданылады);
Тармақша 9
9) рейстегі жолаушылар мен экипаждың борттағы тағам (әуе көлігіне қолданылады).
Тармақ 5
5. Теміржол көлігі үшін мынадай шығыстар өтеледі:
Тармақша 1
1) магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтері;
Тармақша 2
2) локомотивтік тартым көрсететін қызметтер;
Тармақша 3
3) жүктерді тасымалдау кезіндегі жүк тиеу жұмыстары мен коммерциялық жұмыстар бойынша көрсететін қызметтер;
Тармақша 4
4) кірме жолдардың көрсетілетін қызметтері (бар болса);
Тармақша 5
5) оператор (вагондар) (контейнерлер) көрсететін қызметтер;
Тармақша 6
6) тарифке енгізілмеген қосымша алымдар, қосымша операциялар, көрсетілетін қызметтер немесе жұмыстар (бар болса);
Тармақша 7
7) жүктерді тасымалдауға арналған өтінімді орындамағаны үшін айыппұлдар (бар болса);
Тармақша 8
8) жүк жөнелтушілер, жүк қабылдаушылар, тармақ иеленушінің кінәсінен магистральды жолдар мен станция жолдарында вагондар мен контейнерлердің бос тұрған (тоқтап қалу, кідіртілу) уақыты үшін төлемдер (бар болса);
Тармақша 9
9) тіркелген (қалыптастырылған) пунктінен жалға алушы орналасқан жерге немесе жалға алушы босатқан жерден тіркелген пунктіне (бар болса) жөнелткен кездегі арнайы пойыздың немесе арнайы вагонның (оның ішінде салон-вагон) жүрісі;
Тармақша 10
10) вагондарды нақты пайдаланған уақыт (жалға алушы вагондарды қабылдаған күннен бастап жалға алушы вагондарды тасымалдаушыға берген күнді қамтитын мерзім) үшін жалдау ақысы;
Тармақша 11
11) вагонның және пойыздың санатына сәйкес тариф бойынша вагондағы орын саны бойынша жол жүру құны.
Тармақ 6
6. Көлікті экипажымен (жүргізуші, кеме капитаны, кеменің командалық құрамы және кеме командасы, әуе кемесінің командирі, авиация персоналы, машинист, локомотив бригадасы, арнайы жылжымалы құрам бригадасы) пайдаланған кезде экипаждың еңбекақысына жұмсалатын шығыстар өтеледі, ол нақты жұмыс істеген уақыт және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көліктің меншік иесінің немесе иеленушісінің еңбек шартында не өзге де ішкі құжаттарында белгіленген еңбекақы төлеу талаптары негізінде есептеледі.
Тармақ 7
7. ТЖ жоюға байланысты жұмыстарды орындауға пайдаланылған көлікке зақым келсе, көліктің меншік иесіне немесе иеленушісіне қалпына келтіріп жөндеу құны шегінде көлікке залал келуіне байланысты шығыстар өтеледі. Көлікті қалпына келтіру мүмкін болмаған кезде шығыстарды өтеу көліктің нарықтық құны шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. ТЖ жою жөніндегі жұмыстарды орындауға әуе көлігін берген меншік иелеріне немесе иеленушілерге әуе көлігі тартылған сәттен бастап ТЖ жою аяқталғаны немесе тоқтатып қойылғаны туралы хабарланған және тартылған әуе көлігі бастапқы орналасқан (тұрған) жеріне қайтарылғанға дейінгі кезеңде туындаған шығыстар өтеледі.
Тармақ 9
9. Шығыстарды өтеу үшін көліктің меншік иесі немесе иеленушісі ТЖ жою жөніндегі іс-шара жүргізілгеннен кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде көлікті ТЖ жоюға байланысты жұмыстарды орындауға пайдаланған орталық атқарушы органға немесе жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 10, 11 және 13-тармақтарына сәйкес құжаттармен қоса еркін нысанда көлікті ТЖ жоюға байланысты жұмыстарды орындауға пайдалану шығыстарын өтеу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
Тармақ 10
10. Жеке тұлғалар үшін өтінішке қосымша мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) көлікке меншік құқығын не көлікті иеленудің немесе пайдаланудың заңды негізін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 4 және 6-тармақтарында көрсетілген шығындарды растайтын құжаттар;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көлікті қабылдау-беру актісінің көшірмесі (автомобиль және ішкі су көлігіне қолданылады);
Тармақша 4
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көлікті меншік иесіне немесе иеленушісіне қайтару актісінің көшірмесі (автомобиль және ішкі су көлігіне қолданылады).
Тармақ 11
11. Заңды тұлғалар үшін өтінішке қосымша мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) көлікке меншік құқығын не көлікті иеленудің немесе пайдаланудың заңды негізін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көлікті қабылдау-беру актісінің көшірмесі (автомобиль және ішкі су көлігіне қолданылады);
Тармақша 4
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көліктің меншік иесіне немесе иеленушісіне қайтару актісінің көшірмесі (автомобиль және ішкі су көлігіне қолданылады);
Тармақша 5
5) көлікті пайдалану кезеңі мен бағытын растайтын құжаттар;
Тармақша 6
6) осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген шығындарды растайтын құжаттар.
Тармақ 12
12. Көлікке зақым келген болса, меншік иесі немесе иеленуші өтінішке қосымша мынадай құжаттарды қоса береді:
Тармақша 1
1) жою жұмыстары басшысының және меншік иесінің немесе иеленушінің қатысуымен не зақым келгені анықталған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей жасалған көлікке зақым келгені туралы акт. Теміржол және (немесе) әуе көлігі пайдаланылған кезде көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және (немесе) азаматтық авиацияның уәкілетті ұйымының аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары тартылады;
Тармақша 2
2) жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша бағалау қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған бағалау туралы есеп;
Тармақша 3
3) жөндеу құнын растайтын құжаттар (шот-фактуралар, орындалған жұмыстардың актілері, қосалқы бөлшектерді және (немесе) материалдарды сатып алуға арналған төлем және (немесе) есеп айырысу құжаттары) не жүргізілген жөндеу сметалары;
Тармақша 4
4) теміржол көлігін қалпына келтіру мүмкін болмаған кезде кәдеге жарату және темір жолдан бөлу шығындарын растайтын құжаттар.
Тармақ 13
13. Меншік иесі немесе иеленуші әуе көлігін ТЖ жою жөніндегі жұмыстарға байланысты ұшуға пайдалану шығыстарын өтеу үшін көлікті ТЖ жоюға байланысты жұмыстарды орындауға пайдаланған орталық атқарушы органға немесе жергілікті атқарушы органға негіздемелері мен есеп-қисаптарымен мынадай материалдарды ұсынады:
Тармақша 1
1) келтірілген шығыстарды өтеу туралы еркін нысанда жасалған және әуе көлігін пайдаланушының басшысы мен бас бухгалтері қол қойған өтініш (қаржы қаражатын есепке алу үшін оның заңды және банктік деректемелері (соның ішінде банктің атауы, оның банктік сәйкестендіру коды, банктің жеке сәйкестендіру коды, ағымдағы немесе жинақ шотының нөмірі) көрсетілген);
Тармақша 2
2) төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылған пайдаланушының басшысының, бас бухгалтерінің және әуе көлігі командирінің қолымен расталған, ұшу маршруттары мен ұшу уақыты көрсетілген, ТЖ жою жөніндегі жұмыстарға байланысты орындалған ұшу туралы мәліметтерді қамтитын ұшу жоспарларының көшірмелері;
Тармақша 3
3) аэронавигациялық қызмет көрсетушіден ТЖ жою жөніндегі жұмыстарға байланысты ұшудың нақты орындалғанын, соның ішінде олардың бастапқы орналасқан жеріне оралғанын растайтын анықтама;
Тармақша 4
4) әуеайлақта көрсетілетін қызметтер және жерде қызмет көрсету үшін шоттар;
Тармақша 5
5) аэронавигациялық қызмет көрсету және ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету үшін шоттар;
Тармақша 6
6) ұшу жоспарларының деректері негізінде авиаотынның және басқа да жанар-жағармай материалдарының нақты жұмсалған көлемі, сондай-ақ қойылған шот-фактуралармен расталған оның құны туралы мәліметтер;
Тармақша 7
7) «Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзіндік құны есебінің нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6856 болып тіркелген) негізінде жүргізілген әуе көлігінің ұшу сағатының өзіндік құнының есебі.
Тармақ 14
14. Өтініш орталық атқарушы органға немесе жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларда көрсетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаралады. Осы Қағидалардың 10, 11 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде өтінішті қарау тоқтатыла тұрады, ал орталық атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган көліктің меншік иесін немесе иеленушісін құжаттар келіп түскен күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде хабарламаны алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы жазбаша хабардар етеді. Егер көліктің меншік иесі немесе иеленушісі көрсетілген мерзімде жетіспейтін құжаттарды ұсынбаған жағдайда, өтініш меншік иесіне немесе иеленушіге қарамай қайтарылады. Өтініштің қайтарылуы көліктің меншік иесінің немесе иеленушісінің өтінішті қайта жіберу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Тармақ 15
15. Өтініш түскен күні осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлікті ТЖ жоюға байланысты жұмыстарды орындауға пайдалану шығыстарын өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналына тіркеліп, көліктің меншік иесіне немесе иеленушісіне өтініштің қабылданғаны туралы растама беріледі. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері берілетін болса, өтініштерді қабылдау және тіркеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Меншік иесі немесе иеленуші құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап орталық атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде көлікті ТЖ жоюға байланысты жұмыстарды орындауға пайдалану шығыстарын өтеу жөніндегі өтінішті қарау, сондай-ақ осы Қағидалардың 10, 11 және 13-тармақтарына сәйкес қоса берілген құжаттардың дұрыстығын тексеру және соманы айқындау үшін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.
Тармақ 17
17. Комиссия құрамына: орталық атқарушы органның жанында – орталық атқарушы органның лауазымды тұлғалары, көлік, бюджеттік жоспарлау, азаматтық қорғау жөніндегі уәкілетті органдардың және «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері; жергілікті атқарушы органның жанында – жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары, азаматтық қорғау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өкілді органдары мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері енгізіледі. Комиссия төрағасы орталық атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға болып табылады. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды және бес адамнан кем болмауға тиіс. Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 18
18. Комиссияның шешімдері ашық немесе жабық дауыс беру арқылы қабылданады және егер олар үшін комиссия отырысына қатысқандардың жалпы санының көпшілігі дауыс бере, қабылданды деп есептеледі. Шешім қабылдау кезінде комиссия мүшелерінің дауысы тең болады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Хатшының дауыс беру құқығы жоқ.
Тармақ 19
19. Дауыс беру ашық немесе жабық режимде жүзеге асырылады. Жабық дауыс беру кезінде комиссия мүшесінің ерік білдіруінің анонимділігі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 20
20. Дауыс беру отырыста осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделетін дауыс беру парағын толтыру (тиісті жолдарға қол қою) арқылы жүргізіледі. Бір мезгілде өзара қайшы келетін бірнеше шешімді таңдауға, сондай-ақ дауыс беру парағын толтырмауға жол берілмейді. Мұндай жағдайда комиссия мүшесінің дауысы жарамсыз деп танылады, бұл туралы еркін нысанда акт жасалады, оған комиссия төрағасы мен хатшы қол қойып, дауыс беру парағына қоса беріледі.
Тармақ 21
21. Дауыстарды санау негізінде хатшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттама жобасын жасайды және келіседі (қажет болған кезде), оған дауыс беру нәтижелерін (қолдау тапты/қолдау таппады), комиссияның әрбір мүшесінің ерекше пікірін (бар болса), сондай-ақ хаттамаға қол қою мүмкіндігі туралы қорытындыны көрсететін анықтаманы қоса береді.
Тармақ 22
22. Күн тәртібінің мәселелері бойынша отырыста бірауыздан шешім қабылдау кейіннен дайындалған хаттаманы комиссияның қатысқан мүшелерімен келісу қажеттігін жоққа шығарады.
Тармақ 23
23. Комиссия төрағасы 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттамаға қол қояды, оны хатшы тіркейді. Комиссияның хаттамасында өтініш берушінің атауы, өтініште көрсетілген шығыстардың түрлері мен сомалары көрсетіледі. Шешімдер комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі.
Тармақ 24
24. Құжаттар топтамасын қарау қорытындысы бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) түскен құжаттар топтамасы осы Қағидаларға сәйкес келетін болса, соманы айқындай отырып шығыстарды өтеу туралы;
Тармақша 2
2) түскен құжаттар топтамасы осы Қағидаларға сәйкес келмейтін болса, шығыстарды өтеуден бас тарту туралы.
Тармақ 25
25. Шығыстарды өтеуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде орталық атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган шығыстарды өтеуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы меншік иесіне немесе иеленушіге, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша меншік иесінің немесе иеленушінің позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша комиссияның шешімі негізінде орталық атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган шығыстарды өтеу туралы нәтижені меншік иесіне немесе иеленушіге береді не шығыстарды меншік иесіне немесе иеленушіге өтеуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Тармақ 26
26. Комиссия шығыстарды өтеу туралы шешім қабылдаса, орталық атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган қаулының тиісті жобасын әзірлейді. Орталық атқарушы орган қаулы жобасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 27
27. Шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 551 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін бөлу және пайдалану қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулысы негізінде өтеледі. _______________________________________
Басқа 1. Көлікті пайдалану актісі
Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу қағидаларына 1-қосымша Көлікті пайдалану актісі Көлік қабылданған-тапсырылған күн ________________________________ (жыл, күн, ай) Тапсырды: Көлік иесі немесе иеленушісі ______________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі) Көлік иесінің немесе иеленушісінің банктік шотының нөмірі _____________________________________________________________________ Көлікті сәйкестендіру деректері (көлік маркасы, моделі, мемлекеттік тіркеу нөмірі, кеме атауы, жіктеу куәлігі, кеме билеті немесе басқа да бірегей сәйкестендіргіштер) _____________________________________________________ Көліктің техникалық жай-күйін көзбен шолып тексеру (жарамды/сыртқы зақымдары бар) _______________________________________________________ Орындалатын жұмыстар түрі ______________________________________ Пайдалану мерзімі _______________________________________________ Пайдалану маршруты (аймағы) _____________________________________ Көліктегі жанармай мөлшері, литрмен __________________ Көлікті пайдалану басталғанға дейін одометр көрсеткіші бойынша тіркелген жүріс (км)____________________________________________________ Көлік жүргізушінің/капитанның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру куәлігінің нөмірі __________________________________________ «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісемін Көлік иесінің (иеленушісінің) қолы ________________________ Қабылдады: Жергілікті атқарушы орган_________________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы) Төтенше жағдайларды жою жетекшісі _______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі) Төтенше жағдайларды жою жетекшісінің қолы ________________________ Ішкі істер органдарының өкілі ______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі) Ішкі істер органдары өкілінің қолы _______________________ Есепке алу журналында актіні тіркеу нөмірі __________ Акт екі данада жасалды, тараптардың әрқайсысына бір данадан беріледі. _______________________________________
Басқа 2. Көлікті көлік иесіне немесе иеленушісіне қайтару актісі
Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу қағидаларына 2-қосымша Көлікті көлік иесіне немесе иеленушісіне қайтару актісі Көлік қайтарылған күні ____________________________________ (жыл, күн, ай) Тапсырды: Жергілікті атқарушы орган ________________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы) Төтенше жағдайларды жою жетекшісі ______________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі) Төтенше жағдайларды жою жетекшісінің қолы _______________________ Ішкі істер органдарының өкілі ______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі) Ішкі істер органдары өкілінің қолы _______________________ Қабылдады: Көлік иесі немесе иеленушісі ______________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі) Көлік иесінің немесе иеленушісінің банктік шотының нөмірі _____________________________________________________________________ Көлікті сәйкестендіру деректері (көлік маркасы, моделі, мемлекеттік тіркеу нөмірі, кеме атауы, жіктеу куәлігі, кеме билеті немесе басқа да бірегей сәйкестендіргіштер) _____________________________________________________ Көліктің техникалық жай-күйін көзбен шолып тексеру (жарамды/сыртқы зақымдары бар) _______________________________________________________ Көліктегі жанармай мөлшері, литрмен _________________ Көлікті пайдалану аяқталғаннан кейін одометр көрсеткіші бойынша тіркелген жүріс (км)___________________________________________ Көлік жүргізушінің/капитанның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________ Көлік иесінің немесе иеленушісінің) қолы ____________________________ Есепке алу журналында актіні тіркеу нөмірі ___________________________ Акт екі данада жасалды, тараптардың әрқайсысына бір данадан беріледі. _______________________________________
Басқа 3. Көлікті төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға пайдалану шығыстарын өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналы
Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу қағидаларына 3-қосымша Көлікті төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға пайдалану шығыстарын өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналы Р/с № Өті­ніш бе­ру­ші­нің Т.А.Ә. (бар бол­са) неме­се де­ректе­ме­ле­рі Түс­кен кү­ні, кі­ріс № Тұ­ра­тын, ор­на­лас­қан ме­кен­жайы Өте­ле­тін шы­ғы­стар­дың кө­ле­мі Тө­лен­ген ақ­ша­лай қа­ра­жат бой­ын­ша тө­лем құ­жа­ты­ның № және кү­ні (тір­ке­у­ші­нің қо­лы) 1 2 3 4 5 6 _______________________________________
Басқа 4. Комиссия мүшелерінің дауыс беру парағы
Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу қағидаларына 4-қосымша Комиссия мүшелерінің дауыс беру парағы ___________________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы __________________________________________ отырыс №________ күні: ________ Мәселенің № Мәселенің мазмұны Шешім жобасы Комиссия мүшесінің шешімі қолдаймын қолдамаймын ерекше пікір (егер шешім қолдау тапса толтырылмайды) 1 2 3 4 5 6 1. ____________________ қолы Ескертпе: комиссия отырысында тікелей толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін хатшыға беріледі. _______________________________________