Об установлении ограничительных мероприятий Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2025 жылғы 20 қарашадағы № 01-13/188 ұсынысы негізінде, Прибрежный ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1..Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Прибрежный ауылдық округінің Шаховское ауылының пастереллездің расталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3..Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.