О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Туркменистана о сотрудничестве в борьбе с преступностью Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы 2024 жылғы 10 қазанда Ашғабатта жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі өз мемлекеттерінің егемендігін өзара құрметтеу, теңдігі және тәуелсіздігі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, екі мемлекет азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын сенімді түрде қорғауды қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға ерекше мән бере отырып, қылмыскерлікке қарсы күресте өзара ынтымақтастықты дамытуды қалай отырып, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Тармақ 1
1. Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына, сондай-ақ Тараптардың мемлекеттері бір мезгілде қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қылмыстың мынадай түрлеріне қарсы күресте ынтымақтасады:
Тармақша 1
1) ұйымдасқан қылмыскерлік;
Тармақша 2
2) террористік, экстремистік қылмыстар, террористік және экстремистік қызметті қаржыландыру;
Тармақша 3
3) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру;
Тармақша 4
4) жеке адамға, халық денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар;
Тармақша 5
5) қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды, улы, ядролық, биологиялық және радиоактивті заттарды пайдалана отырып дайындалған немесе жасалған қылмыстар;
Тармақша 6
6) есірткінің, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымы;
Тармақша 7
7) заңсыз көші-қонға және адам, адам ағзалары саудасына, сондай-ақ еңбекпен және сексуалдық қанауға байланысты қылмыстар;
Тармақша 8
8) жалған валюта, төлем құралдарын, чектер мен бағалы заттарды жасау, қолдан жасалған валютаны, төлем құралдарын, чектер мен бағалы заттарды тарату;
Тармақша 9
9) тарихи құндылығы бар мәдени игіліктердің заңсыз саудасы;
Тармақша 10
10) жеке меншікке қарсы қылмыстар;
Тармақша 11
11) сыбайлас жемқорлық қылмыстары;
Тармақша 12
12) экономикалық қылмыстар;
Тармақша 13
13) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру;
Тармақша 14
14) ақпараттық технологиялар саласындағы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар.
Тармақ 2
2. Тараптар өзара келісім бойынша болғызбау, ашу және тергеп-тексеру өз мемлекеттерінің құзыретті органдарының ынтымақтастығын қажет ететін кез келген басқа да қылмыстарға қарсы күресте де ынтымақтасады.
Тармақ 3
3. Іздестіруге жататын тұлғалар құзыретті органы іздестіруге бастама жасаған Тарап мемлекетінің аумағынан тыс жерде, бірақ екінші Тарап мемлекеті аумағының шегінде болғанда Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес осындай тұлғаларды табу, ұстау, қамауға алу немесе олар туралы ақпарат беру мақсатында барлық қажетті іс-шараларды жүргізеді.
Бап 2. 2-бап
2-бап Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес ынтымақтастықты мынадай нысандарда жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) сұрау салуларды орындау;
Тармақша 2
2) жедел-іздестіру, жедел-анықтамалық, криминалистикалық және архивтік ақпарат алмасу;
Тармақша 3
3) қылмыскерліктің алдын алу және оған қарсы күрес саласында тәжірибе алмасу;
Тармақша 4
4) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің түрлі салаларында және криминалистикалық техника бойынша өзара ақпарат алу үшін мамандар, сондай-ақ криминалистика және криминология саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін алмасу;
Тармақша 5
5) ұйымдасқан қылмыстың алдын алу және оған қарсы күрес саласындағы нормативтік құқықтық актілермен алмасу;
Тармақша 6
6) мамандарды оқытуда, мамандандыруда әрі техникалық және кәсіптік дағдыларын арттыруда өзара негізде жәрдем көрсету.
Бап 3. 3-бап
3-бап Тараптардың әрқайсысы осы Келісімді іске асыруға жауапты құзыретті органдардың тізбесін айқындайды және бұл туралы осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы хабарлама жіберген кезде екінші Тарапқа хабарлайды. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары осы Келісімде көзделген мәселелер бойынша бірімен-бірі тікелей өзара іс-қимыл жасасады. Құзыретті органдардың тізбесіндегі өзгерістер туралы Тараптар бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабардар етеді.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Тармақ 1
1. Ақпарат және осы Келісімде көзделген әрекеттерді жүзеге асыру туралы сұрау салу Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарына жазбаша нысанда жіберіледі. Сұрау салуда мыналар:
Тармақша 1
1) сұрау салынатын мекеменің атауы;
Тармақша 2
2) негіздемені айқындайтын дәлелді тұжырым, сондай-ақ сұрау салушы және сұрау салынатын қызмет немесе орган;
Тармақша 3
3) көмек сұратуға себеп болған істің сипаттамасы;
Тармақша 4
4) сұрау салудың мазмұны және оны орындау үшін қажетті мәліметтер;
Тармақша 5
5) шешімнің немесе өзге актінің осы шешімді немесе актіні шығаруға негіз болған заң ережесінің мәтіні бар расталған көшірмесі қамтылуға тиіс. Қылмыстардың жолын кесу, алдын алу немесе оларды ашу үшін қажетті сұрау салуларды шұғыл орындау талап етілген жағдайларда Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары осы Келісімді орындау үшін алдын ала ауызша өтініш білдіре алады, ал сұрау салуды кейіннен келісілген арналар арқылы дереу жазбаша растайды.
Тармақ 2
2. Егер Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өзгеше уағдаласпаса, сұрау салу, растайтын құжаттар мен кейінгі хабарлар Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік тілдерінде ресімделуге, сұрау салынатын Тараптың тіліне немесе орыс тіліне аудармасы бірге берілуге және келісілген арналар арқылы жіберілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Егер сұрау салушы Тарап алдыңғы сұрау салу бойынша алынған ақпаратты жеткіліксіз деп есептесе, қосымша ақпаратты тікелей сұрата алады. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары мұндай сұрау салуларды дереу орындайды.
Тармақ 4
4. Осы Келісім шеңберінде Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын ақпаратпен алмасу жүзеге асырылмайды.
Тармақ 5
5. Егер сұрау салуды орындау сұрау салынатын Тарап мемлекетінің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне, мемлекет билігінің ұйымдастырылу және қызметі нормаларына немесе басқа да маңызды мүддесіне қауіп төндіретін болса немесе мұндай сұрау салуды орындау оның мемлекетінің ұлттық заңнамасына немесе халықаралық келісімдердің нәтижесі болып табылатын оның міндеттемелеріне қайшы келетін болса, оның мұндай сұрау салуды орындаудан толық немесе ішінара бас тартуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Сұрау салынатын Tapaп сұрау салушы Тарапты сұрау салуды орындаудан бас тарту себептеріне немесе оның ішінара орындалуына қатысты дереу хабардар етеді.
Бап 5. 5-бап
5-бап Егер әрбір нақты жағдайда өзге тәртіп келісілмесе, Тараптар өздерінің осы Келісімді орындауы барысында туындайтын шығыстарды өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес көзделген қаражат шегінде өздері көтереді.
Бап 6. 6-бап
6-бап Осы Келісім Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды және ынтымақтастықтың өзара тиімді өзге нысандарын әзірлеуге және дамытуға кедергі келтірмейді.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Тармақ 1
1. Тараптардың кез келгені өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектелген деп таныған, алынған ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету және оны таратпау үшін Тараптар барлық шараларды қабылдайды.
Тармақ 2
2. Тараптар алынған ақпаратты сұрау салуда көрсетілмеген мақсатта пайдалануға, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес алынған мәліметтерді, құжаттаманы ақпаратты берген Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқылы емес.
Бап 8. 8-бап
8-бап Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды өзара консультациялар және (немесе) келіссөздер арқылы шешеді.
Бап 9. 9-бап
9-бап Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын және осы Келісімнің 10-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Бап 10. 10-бап
10-бап Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап алты ай өткенге дейін күшінде қалады. 2024 жылғы 10 қазанда Ашғабат қаласында әрқайсысы қазақ, түрікмен және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіннің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді. Қазақстан Республикасының Түрікменстан Үкіметі Үкіметі үшін үшін