Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Қауымдық сервитутін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шалқар ауданы, Бозой ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 2,4 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай «DMS Services» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жер қойнауын барлау жұмыстарын жүргізу үшін 2028 жылдың 12 қыркүйегіне дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.