О понижении налоговой ставки по специальному налоговому режиму на основе упрощенной декларации в районе Байдибек Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бәйдібек ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 726-бабына сәйкес Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бәйдібек ауданында төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде алынған (алынуға жататын) мөлшерлемесі 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы №14/67-VIII «Бәйдібек ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6484-13 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.