Об утверждении перечня систем водоснабжения области Ұлытау, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыз су беру қызметтерінің құны субсидиялауға жататын Ұлытау облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және «Елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізу өлшем шарттарын бекіту туралы» 2025 жылғы 22 тамыздағы №307 Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығының негізінде, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыз су беру қызметтерінің құны субсидиялауға жататын Ұлытау облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ұлытау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Ұлытау облысының әкімдігінің 2023 жылдың 21 шілдесінде бекітілген №36/01 «Ұлытау облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қүнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ауыз су беру қызметтерінің құны субсидиялауға жататын Ұлытау облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі
Ұлытау облысы әкімдігінің 2025 жылғы «25» қараша № 94/03 қаулысына қосымша Ауыз су беру қызметтерінің құны субсидиялауға жататын Ұлытау облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі № Сумен жабдықтау жүйелері Жезқазған қаласы 1. Жезқазған қаласының сумен жабдықтау жүйесі Сәтбаев қаласы 2. Сәтбаев қаласының сумен жабдықтау жүйесі Жәйрем кенті 3 Жәйрем кентінің сумен жабдықтау жүйесі