О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в Майском районе Қолданыста
Басқа 0
Май ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін
төмендету туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726 - бабына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Май ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 % - дан 3 % - ға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.