О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в Железинском районе Қолданыста
Басқа 0
Железин ауданында жеңілдетілген декларация негізінде
арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Железин ауданында жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы ставкасының мөлшерін есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 4%-дан 3%-ға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.