Алакөл ауданы Әкімияты резервінің қаржысын пайдалану Ережесін бекіту туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алакөл ауданы Әкімияты резервінің қаржысын пайдалану Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999-жылғы 18-қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаржысын пайдалану Ережесін бекіту туралы» № 1408 Қаулысы мен Алматы облысы Әкімдігінің 2003-жылғы 28-сәуірдегі «Алматы облысы әкімдігі резервінің қаржысын пайдалану Ережелерін бекіту туралы» №19 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, Алакөл ауданының Әкімияты ҚАУЛЫ етеді:
Тармақ 1
1. Алакөл ауданы Әкімияты резервінің қаржысын пайдалану туралы Ереже (№1 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.И. Жолжановқа жүктелсін.
Басқа 3
Алакөл ауданы әкімиятының 2004-жылғы «27» 09 № 9-433 Қаулысымен бекітілген Алакөл ауданы әкімияты резервінің қаржысын пайдалану ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже аудан әкімияты резервінің қаржысын бөлу және пайдалану ретін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Осы Ережеде төмендегідей түсініктер пайдаланылады: аудан әкімиятының (бұдан әрі - Әкімият) резерві дегеніміз тиісті каржы жылына аудандық бюджетте ескерілген және әкімият қаулысы бойынша біржолғы сипаттағы жоспарланбаған шығыстарды қаржыландыру үшін бөлінген қаражат; жоспарланбаған шығыстар — ағымдағы қаржы жылына аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде жоспарлауға мүмкін болмаған және үстіміздегі қаржы жылында сөзсіз каржыландыруды қажет ететін шығыстар; әкімияттың және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеуге арналған Әкімият резервінің құрамындағы каржы-аудан Әкімияты резервінің құрамында ескерілген және соттардың шешімімен Әкімияттың немесе жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың Әкімшілеріне бөлінген қаржы; Әкімият резервінің қаражатын алушы — жергілікті бюджеттік бағдарламалардың Әкімшісі немесе округ әкімі.
Тармақ 2
2. Әкімият резервінің қаржысы есебінен қаржыландырылатын, біржолғы сипаттағы жоспарланбаған шығыстарға келесі шаралар жатады:
Тармақша 1
1)табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, соның ішінде: төтенше жағдайлардың туындауынан зардап шегушілерге материалдық көмек көрсету; зардап шеккендер үшін уакытша қоныстану және тамақтану пункттерін ашу және ұстау; апаттық - құткару және апаттык қалпына келтіру бөлімшелерін құткару техникалық құралдарымен, жабдьщтармен және құрал—жабдықтармен қосымша жарақтандыру, төтенше жағдайлар аймағына күштермен құралдарды тасымалдауды қамтамасыз ету; қорғау ғимараттарының құрылысын салу және қираған қорғау ғимараттарын, көпірлер мен бөгеттерді және тағы басқаларды қалпына келтіру; ауданның азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар құрылымдары құрамының басшылары мен командалық басшыларын және тұрғындарды оқыту шығындарын өтеу.
Тармақша 2
2)соттардың шешімдері бойынша әкімияттың, жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу.
Тармақша 3
3)әкімият резервінің қаржысы басқа шығыстарды қаржыландыруға жолданбайды.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Аудан Әкімияты резервінен қаржы бөлу және оны пайдалану тәртібі
2. Аудан Әкімияты резервінен қаржы бөлу және оны пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Әкімият резервінің қаржысын бөлу осы мақсаттарға тиісті қаржы жылында аудандық бюджеттің шығыстары мен кредит бөлу құрамында бекітілген мөлшері шегінде, Әкімияттың алушы бөлінген қаржы көлемі және оларды пайдалану мақсаттары, сондай-ақ қайтару негізінде қаржы бөлінсе, оларды беру және қайтару мерзімдері көрсетілген қаулысының негізінде, заңдарда белгіленген тэртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу жолымен аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Әкімият резервінің қаржысы қатаң мақсатты түрде ұсталады және осы Ережелерде, сондай-ақ аудан Әкімиятының резерві қаржы бөлу туралы қаулысында ескерілмеген мүқтаждарға пайдаланылмайды.
Тармақ 5
5. Әкімияттың резервінен қаржы бөлу туралы қаулыны дайындаған кезде төмендегі шарттар ескеріледі:
Тармақша 1
1) аудандық бюджеттен ағымдағы қаржы жылына қаржы бөлу (ассигнование) мүмкін болмағанда;
Тармақша 2
2) аудан әкімияты резервінен бөлінетін қаржы қажеттілігі биылғы жылы туындаған болса және бүл қаржы қажеттілігі ақша алушының алдыңғы жылдардағы міндеттемелеріне байланысты болмаса, бүл ретте сот шешімдері мен экімият және жергілікті мемлекеттік міндеттемелеріне байланысты қарыздарды өтеуге ғана мүмкіндік беріледі.
Тармақ 6
6. Әкімият резерівінен қаражат бөлу туралы экімият қаулысы жыл аяқталғанда өз күшін жояды. ,
Тарау 3. 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін қаржы бөлу.
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін қаржы бөлу.
Тармақ 7
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар орын алған кезде, Әкімият резервінің қаржысын бөлу туралы қолдау хатты, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия қарайды. Бұл жағдайларда туындаған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аудандық және объектілік масштаб болуы қажет.
Тармақ 8
8. Аудандык төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия негізгі материалдар мен олардың тізбесін тапсыру тәртібін белгілейді.
Тармақ 9
9. Аудандык төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия, белгіленген тәртіппен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою күшін болған жағдайда бұл шараға каржы бөлу туралы шешімнің жобасын аудан Әкімиятына енгізеді.
Тарау 4. 4. Сот шешімдері бойынша аудан Әкімиятының және жергілікті аткарушы органдардың міндеттемелерін жабу үшін каржы бөлу.
4. Сот шешімдері бойынша аудан Әкімиятының және жергілікті аткарушы органдардың міндеттемелерін жабу үшін каржы бөлу.
Тармақ 10
10. Сот шешімі бойынша аудан Әкімиятының және жергілікті мемлекеттік органдарының міндеттемелерін жабуы соттың орындаушыльщ құжаттары болған жағдайда Әкімият резервінің каржысы есебінен камтамасыз етіледі.
Тармақ 11
11. Әкімият міндеттемелерін жабу үшін Әкімияттың резервінен қаржы бөлу туралы аудан Әкімияты қаулыларының жобасын занда белгіленген тәртіппен аудандык каржы бөлімі әзірлейді.
Тармақ 12
12. Жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін жабу үшін аудан Әкімияты резервінең каржы бөлу туралы аудан Әкімияты каулысының жобасын занда белгіленген тәртіппен органның өзі енгізеді.
Бап 5. 5. Бакылау және есеп беру.
5. Бакылау және есеп беру.
Тармақ 13
13. Әкімияттың резервінен бөлінген қаржыны алушылар, оның пайдаланылуы, мерзімі мен орындалған жүмыстың көлемі, құны туралы есепті аудандык каржы бөлімі белгілеген тәртіппен ұсынуы тиіс.
Тармақ 14
14. Аудандык каржы бөлімі ай сайын аудан Әкіміне Әкімиятының пезервінен қаржыны пайдаланылуы және тиісті мерзімдегі оның қалдыктары туралы акпаратты ұсынады.
Тармақ 15
15. Әкімиятының резервінен бөлінген қаржыны максатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік Қазакстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіпте алушыға жүктеледі.
Тармақ 16
16. Әкімият резерві қаржысының мақсатты пайдаланылуына бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асырады.