Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель и повышении ставок земельного налога города Павлодара Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 582-бабына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Павлодар қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 274/32 шешіміне 1-қосымша Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Басқа 5. Павлодар қаласының жер салығының мөлшерлемелері
Павлодар қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 274/32 шешіміне 2-қосымша Павлодар қаласының жер салығының мөлшерлемелері Аймақтың нөмірі Арттыру пайызы 1 +50% 2 +40% 3 +30% 4 +20%