О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2005 № 124 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын басқарудың құрылымын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1033 қаулысындағы 6-тармақтың үшiншi абзацының күшi 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылған деп танылсын;
"Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегi N 437 қаулысының 7-тармағындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 16, 131-құжат) "заңда белгiленген тәртiпте белгiлi бiр елдi мекен үшiн бекiтiлген бiрыңғай ставкалар, тарифтер және нормативтер бойынша" деген сөздер "заңда белгiленген тәртiпте бекiтiлген бiрыңғай ставкалар, тарифтер және нормативтер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.