Об установлении льгот для общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан села Миялы Кызылкогинского района Қолданыста
Басқа 0
Қызылқоға ауданы Миялы ауылы азаматтарының жекелеген санаттарына ауылдық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 20-бабы 1-тармағы 4,6-тармақшаларына сәйкес Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қызылқоға ауданы Миялы ауылы қоғамдық көліктеріне, азаматтардың келесі санаттарына ауылішілік қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:
Тармақша 1
1) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
Тармақша 2
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
Тармақша 3
3) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға;
Тармақша 4
4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
Тармақ 2
2. Қызылқоға ауданы Миялы ауылы қоғамдық көліктеріне, азаматтардың келесі санаттарына ауылішілік қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнының 50% мөлшерінде жол жүру жеңілдігі белгіленсін:
Тармақша 1
1) 7 мен 15 жас аралығындағы балалар;
Тармақша 2
2) 15 пен 18 жасқа дейінгі адамдар.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік маңызы бар ауылішілік тұрақты тасымалдау маршруттарында (таксиден басқа) адамдардың жекелеген санаттары үшін тегін жол жүру құқығын қоса алғанда, белгіленген жеңілдіктерді қаржыландыру облыстық бюджеттен қарастырылсын.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен Қызылқоға ауданының әкімдігі қаулыcы мен Қызылқоға аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.