Об утверждении Инструкции назначения и выплаты социальной помощи для участников и инвалидов Великой Отечественной войны Күшін жойған
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес Денисов ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу Нұсқаулығы бекітілсін (қосымша беріледі).
Тармақ 2
2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын 500 теңге мөлшерінде материалдық көмек ретінде 2004-2005 жылдарға әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Денисов ауданы әкімінің орынбасары Ж. З. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
Басқа 4. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу НҰСҚАУЛЫҒЫ
Қостанай облысы
Денисов ауданы әкімиятының
2004 жылғы 14 қазандағы № 172
«Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектеріне
әлеуметтік көмекті тағайындау
және төлеу Нұсқаулығын бекіту
туралы» қаулысына қосымша
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу НҰСҚАУЛЫҒЫ
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес әзірленді.
Тарау 5. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Осы Нұсқаулық Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету ережелерін реттейді.
Тарау 6. Әлеуметтік көмекті тағайындау нұсқаулығы
Әлеуметтік көмекті тағайындау нұсқаулығы
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек өтініш нысанында беріледі.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішті оны алуға құқығы бар тұлға «Денисов аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан былай - уәкілетті орган) береді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш беруші тұлға, жылына бір рет белгіленген нысандағы өтініш ұсынады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішті қарауды әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссия 10 күндік мерзімде жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан негізделген түрде бас тартқан жағдайда, ол жөнінде өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекті есептеп тағайындау өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Өтініш беруші жөніндегі мағлұматтардың дұрыстығына өтінішті қабылдап алған тұлғалар толығынан жауап береді. Төлемдер жүзеге асырылғаннан кейін ақпараттар жөнінде белгілі бір күмәнділіктер туған жағдайда, заңсыз төленген қаражаттар заңда белгіленген тәртіп бойынша кінәлі тұлғалардан өндіріліп алынады.
Тарау 14. Әлеуметтік көмектің төленуі
Әлеуметтік көмектің төленуі
Тармақ 8
8. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Комиссияның шешімі негізінде уәкілетті орган есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімдерін жасайды және ай сайын «Денисов аудандық қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қаржыландыру жөнінде тапсырыс ұсынады.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган ұсынған тізімге сәйкес әлеуметтік көмекті төлеу «Қазақстан Халық банкі» ашық акционерлік қоғамының бөлімшесі мен «Казпочта» ашық акционерлік қоғамның Қостанай облыстық филиалы Денисов аудандық пошта байланыс торабы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті төлеу алушы тұлға қайтыс болған жағдайда сол күннен бастап тоқтатылады.
Тарау 19. Әлеуметтік көмектің төленуіне бақылау жасау
Әлеуметтік көмектің төленуіне бақылау жасау
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган ай сайын зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық бөлімшесінен Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге кеткен және қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер туралы мәліметтерге сұрау салып, ақпараттар алып отырады.
Тармақ 13
13. Дұрыс рәсімделмеген құжаттар бойынша заңсыз әлеуметтік көмек төленіп кетсе, осыған кінәлі лауазымды адамдар заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.
Тармақ 14
14. Төленген сомаларға бақылау жасау ай сайын «Қазақстан Халық Банкі» ашық акционерлік қоғамының бөлімшесі, «Казпочта» ашық акционерлік қоғамының Қостанай облыстық филиалы Денисов аудандық пошта байланыс торабы және уәкілетті органы арасындағы салыстырып тексеру актілері негізінде жүргізіледі.
Тармақ 15
15. «Денисов аудандық қаржы басқармасы» мемлекеттік мекеме әлеуметтік көмекке босатылған бюджеттік қаржылардың дұрыс жұмсалуына тексерулер жүргізіп отырады.