Об утверждении критериев отнесения цифрового актива к необеспеченному цифровому активу с фиксированной стоимостью и перечня необеспеченных цифровых активов с фиксированной стоимостью Қолданыста
Басқа 0
Цифрлық активті тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активке жатқызу өлшемшарттарын және тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 332-1-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, цифрлық активті тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активке жатқызу өлшемшарттары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің тізбесі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Басқа 1. Цифрлық активті тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активке жатқызу өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды
интеллект және цифрлық
даму министрі
2025 жылғы 27 қарашадағы
№ 600/НҚ
бұйрығына 1-қосымша
Цифрлық активті тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активке жатқызу өлшемшарттары
Цифрлық активті тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активке жатқызу өлшемшарттары мыналар:
Тармақша 1
1) құнының тұрақтылығын қамтамасыз ететін цифрлық актив құнының мемлекеттердің бір немесе бірнеше ұлттық валюталармен салыстырмалы түрде ақпараттың болуы;
Тармақша 2
2) соңғы 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде www.coinmarketcap.com интернет-ресурсында және (немесе) цифрлық активтер биржасында цифрлық активтің нарықтық құнының тәуліктік орташа ауытқуы +1 %-дан аспауы;
Тармақша 3
3) осы цифрлық активті қамтамасыз ететін активтер, мүліктік құқықтар немесе міндеттемелер, эмитент, сондай-ақ цифрлық активтің бағасының тұрақтылығын қолдау тетігі туралы мәліметтерді қоса алғанда, цифрлық актив туралы ақпараттың болуы;
Тармақша 4
4) www.coinmarketcap.com интернет-ресурсында цифрлық активтің нарықтық капиталдандыруы, сауда көлемдері туралы ақпараттың болуы;
Тармақша 5
5) цифрлық активке және (немесе) оның эмитентіне қатысты сот шешімдерінің немесе Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқамаларының болмауы болып табылады.
Басқа 2. Тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген
цифрлық активтердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды
интеллект және цифрлық
даму министрі
2025 жылғы 27 қарашадағы
№ 600/НҚ
бұйрығына 2-қосымша
Тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген
цифрлық активтердің тізбесі
№
Цифрлық активтің атауы
Қысқартылған атауы
Валютаға байланыстылығы
1
Тезер ЮСДТ
(Tether USDT)
ЮСДТ
(USDT)
Америка Құрама Штаттарының Доллары
2
ЮСД Коин
(USD Coin)
ЮСДС
(USDC)
Америка Құрама Штаттарының Доллары
3
Рипл ЮСД
(Ripple USD)
РЛЮСД
(RLUSD)
Америка Құрама Штаттарының Доллары