О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в городе Аксу Қолданыста
Басқа 0
Ақсу қаласында оңайлатылған декларация негізінде
арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің
мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.