О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в Баянаульском районе Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Баянауыл ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Баянауыл ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.