Об утверждении перечня систем водоснабжения Карагандинской области, стоимость услуг по подаче питьевой воды которые подлежат субсидированию Қолданыста
Басқа 0
Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын Қарағанды облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын Қарағанды облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарағанды облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №89/02 Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25814 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын Қарағанды облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі
Қарағанды облысы әкімдігінің
2025 жылғы 26 қарашадағы
№ 68/09 қаулысына қосымша
Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын Қарағанды облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі
№
Қарағанды облысы бойынша объектілердің атауы
1.
Қаныш Сәтпаев атындағы канал
2.
Саяқ кентінің «Төменгі Тоқырау кен орны» су құбыры
3.
«Нұра» су құбыры
4.
«Егінді» су құбыры
5.
«Мұзбел» су құбыры
6.
«Ахмет аул» су құбыры
7.
«Қайнар» су құбыры
8.
«Баршын» су құбыры
9.
«Изенді» су құбыры
10.
«Соналы» су құбыры
11.
«Байтуған» су құбыры
12.
«Көбетей» су құбыры
13.
«Заречное» су құбыры
14.
«Тассуат» су құбыры
15.
«Шахтер» су құбыры
16.
«Кертиңді» су құбыры
17.
«К.Мыңбаев» су құбыры
18.
«Жаңа Құрылыс» су құбыры
19.
«Ткенекті» су құбыры
20.
«Алғабас» су құбыры
21.
«Ақсу-Аюлы» су құбыры