О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации по городу Приозерск Қолданыста
Басқа 0
Приозерск қаласы бойынша оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Приозерск қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Приозерск қаласы бойынша оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 4% - дан 2% - ға дейін төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
КЕЛІСІЛДІ:
«Приозерск қаласы кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылық бөлімі»
мемлекеттiк мекемесiнің басшысы
_________________________А.А. Алтаев
«28» қараша 2025 жыл
КЕЛІСІЛДІ:
Приозерск қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
басшысы
____________________ Е.Б.Джаиков
«28» қараша 2025 жыл