О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации по Жалагашскому району Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалағаш ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жалағаш ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.