О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации по Бескарагайскому району Қолданыста
Басқа 0
Бесқарағай ауданында оңайлатылған декларация негізінде
арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бесқарағай ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері есепті салық кезең үшін алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.