О понижении ставки налога при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в городе Алатау Қолданыста
Басқа 0
Алатау қаласында оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Алатау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алатау қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салық мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) табыс бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.