О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в районе Аксуат Қолданыста
Басқа 0
Ақсуат ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы
салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің
мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының салық Кодексінің 726 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақсуат ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мөлшерлемесі салық кезеңі үшін алынған табысы бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.