О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в Енбекшиказахском районе Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еңбекшіқазақ ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Еңбекшіқазақ ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салық мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) табыс бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.