О переименовании улиц села Туймекент Туймекентского сельского округа Байзакского района Қолданыста
Басқа 0
Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округінің Түймекент ауылының көшесін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып Түймекент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округі Түймекент ауылы Жеңістің 50 жылдығы көшесі Шаңырақ көшесі болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.