Об установлении публичного сервитута на земельный участок Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар, көлігі және автомобиль жолдары бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиесілі, жалпы ауданы 0,1945 гектар жер учаскесіне, орналасқан мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, су құбырына қызмет көрсету үшін 49 жыл мерзімге қоғамдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.