О признании утратившими силу некоторых решений Зайсанского районного маслихата Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зайсан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Зайсан аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі №01-03/VIII-2-14/4 (Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2023 жылғы 12 мамырда 181021 мемлекеттік тізіміндегі тіркеу нөмірімен жарияланған) шешімі;
Тармақша 2
2) «Зайсан аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №28-3/1 (Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2023 жылғы 23 қаңтарда 178005 мемлекеттік тізіміндегі тіркеу нөмірімен жарияланған) шешімі;
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.