О создании бюджетной комиссии Актюбинской области Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе облысының бюджет комиссиясын құру туралы
«Бюджеттік жүйе туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңыньщ 6-4 бабына және 28 бабының 4 бөліміне,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 1426
Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттік комиссия туралы
Ережеге сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджет комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облыстық бюджет комиссиясы туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 20 наурыздағы «Бюджет комиссиясын құру туралы» № 40, 2002 жылғы 20 шілдедегі «Облыс әкімиятының 2002 жылғы 20 наурыздағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 97, 2003 жылғы 24 қаңтардағы «Облыс әкімиятының 2002 жылғы 20 наурыздағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 8, 2002 жылғы 20 наурыздағы «Облыс әкімиятының 2002 жылғы 20 наурыздағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 157 қаулысы жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші
орынбасары І. Қ. Өмірзақовқа жүктелсін.
Басқа 5
Ақтөбе облысы әкімиятының
2004 жылғы 6 қазандағы
№ 265 қаулысына қосымша
Ақтөбе облыстық бюджеттік комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Өмірзақов Ізбақ Қуанышұлы
- Облыс әкімінің бірінші
орынбасары, комиссия төрағасы
Еңсегенұлы Сағат
- «Ақтөбе облыстық қаржы
департаменті» ММ директоры,
облыстық бюджет комиссиясы
төрағасының орынбасары
Ағысова Галина Мүқамбетқызы
- «Ақтөбе облыстық қаржы
департаменті» ММ бюджеттік іс-қимыл
методологиясы, бюджеттің орындалуын
өңдеу және талдау бөлімінің бас
маманы, хатшы
Байманов Айдар Итемгенұлы
- Ақтөбе облысы бойынша салық
комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қаратаев Аманжол Қамзаұлы
- «Ақтөбе облыстық экономика және
индикативті жоспарлау департаменті»
ММ директоры
Шынтасова Сұлупан Панақызы
- «Облыстық коммуналдық меншік
басқармасы» ММ бастығы
Мұқлисов Нұрлан Көшкенбайұлы
- «Облыстық білім беру басқармасы» ММ бастығы
Жолмұхамедов Қайрат Қанатұлы
- «Облыстық денсаулық сақтау
басқармасы» ММ бастығы
Қалиев Еркеш Әдиетұлы
- «Облыстық мәдениет басқармасы»
ММ бастығы
Елеусіз Қанатбай Елеусізұлы
- «Облыстық еңбек, жұмыспен қамту
және халықты әлеуметтік қорғау
басқармасы» ММ бастығы
Басқа 6
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 06 қазандағы
№ 265 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Ақтөбе облыстық бюджет комиссиясы туралы Ереже
Бөлім 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы ереже тұрақты негізде жұмыс істейтін Ақтөбе облыстық бюджет комисснясының (бұдан әрі - комиссия) қызметін реттейді.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Бөлім 2. 2. Комиссия қызметінің мақсаты
2. Комиссия қызметінің мақсаты
Тармақ 3
3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты тиісті қаржы жылына
арналған облыстық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді
қамтамасыз ету және облыстық бюджетті нақтылау және атқару жөнінде
ұсыныстар түжырымдау болып табылады.
Бөлім 3. 3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) мыналар:
алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық
саясат;
тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасының
көрсеткіштерін айқындау;
алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланатын қаржы жылында
қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламаларды іріктеу, орта мерзімді
фискалдық саясатқа негіздей отырып, оларды іске асыру тетігін айқындау;
тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті нақтылау;
облыстық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау
нәтижелерін қарау жөнінде ұсыныстар түжырымдау.
Тармақша 2
2) Бюджет кодексінде және осы Ережеде көзделген өзге де
өкілеттіктер.
Тармақ 5
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеперге сәйкес мынадан
функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды
және:
алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық және төменгі тұрған бюджеттердің болжамды көрсеткіштерін;
алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет түсімдерінің
болжамдық көрсеткіштерін;
облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі
бағыттарын іске асыру тәсілдерін;
облыстық бюджет шығыстарының лимиттерін айқындайды.
Тармақша 2
2) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды
және:
облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді
жоспарын мақұлдау;
өткен кезеңдегі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін
бағалау нәтижелері;
алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдер және
бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган
қорытындылары;
алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы
шешімнің жобасы;
облыстың бюджеттік бағдарламалар паспорттарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу;
тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті нақтылау;
бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның
арасындағы келіспеушіліктерді реттеу жөнінде шешімдер қабылдайды.
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да
функцияларды жүзеге асырады.
Бөлім 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 6
6. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:
Тармақша 1
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен,
ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ комиссияның міндеттерін
іске асыру үшін мамандарды және сарапшыларды жұмысқа тартуға;
Тармақша 2
2) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер
қабылдауға және ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың комиссияның міндеттерін
іске асыру үшін қажетті материалдар сұратуға және оларды алуға;
Тармақша 4
4) Комиссияның міндеттері мен функцияларын іске асыруға
байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органның және ұйымның
бірінші басшыларын, ал олар болмаған кезде - бірінші басшының
міндетін атқарушы тұлғаларды комиссияның отырыстарына шақыруға
және тыңдауға;
Тармақша 5
5) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді қарау үшін
тақырыптық блоктар бойынша кіші комиссиялар құруға құқы бар.
Бөлім 5. 5. Комиссияны қалыптастырудың және оның қызметінің тәртібі
5. Комиссияны қалыптастырудың және оның қызметінің тәртібі
Тармақ 7
7. Комиссияның құрамын Ақтөбе облысының Әкімі айқындайды.
Тармақ 8
8. Комиссия құрамына:
Тармақша 1
1) Комиссия төрағасы;
Тармақша 2
2) Комиссия төрағасының орынбасарлары;
Тармақша 3
3) Комиссия хатшысы;
Тармақша 4
4) Комиссия мүшелері кіреді.
Тармақ 9
9. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия
отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің
іске асырылуы үшін жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия
жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді. Комиссия төрағасы
болмаған кезде оның функцияларын ол тағайындаған комиссия
төрағасының орынбасары орындайды.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы комиссияның қызметін қамтамасыз ету
жөніндегі жұмысты үйлестіреді, комиссия отырыстарының хаттамаларын
дайындайды.
Тармақ 11
11. Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу жөніндегі өздерінің
өкілеттіктерін басқа тұлағаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 12
12. Жұмыстың жоспар - кестесін комиссия белгілейді. Облыстық
бюджет жобасын әзірлеу кезеңінде комиссия жұмысының жоспар-кестесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, жергілікті
бюджеттер жобаларын әзірлеу ережелерінде айқындалған мерзімдерге
сәйкес белгіленеді.
Тармақ 13
13. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы, сондай-ақ
комиссия мүшелеріне сауал қою жолымен қабылданады және егер,
олар үшін комиссияның қатысушы мүшелерінің жалпы санының басым
көпшілігі жақтап дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Комиссия
мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең
болған жағдайда комиссия төрағасы жақтап дауыс берген шешім
қабылданды деп саналады.
Тармақ 14
14. Комиссия отырыстарының күн тәртібі мәселелерін қараудың
нәтижелері әрбір мәселе бойынша дауыс берудің қорытындысы көрсетіле
отырып, тиісті хаттамаларға енгізіледі және төраға айқындайтын
жағдайларда комиссияның отырысқа қатысқан мүшелері қол қояды.
комиссия қабылдаған шешім хаттамамен ресімделіп, оған төраға мен
хатшы қол қояды. Комиссия мүшелері қабылдаған шешіммен келіспеген
жағдайда озінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқығы бар, ол
отырыстың хаттамасына қоса тігіледі.
Тармақ 15
15. Комиссияға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында ол
қабылдаған шешімдерді барлық мемлекеттік органдар міндетті түрде
қарауы және көрсетілген мерзімде орындауға тиіс.
Тармақ 16
16. Комиссйяның жұмыс органы бюджетті жоспарлау жөніндегі
жергілікті уәкілетті орган болып табылады.
Тармақ 17
17. Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның қызметінің
ұйымдық мәселелерін комиссияның жұмыс органы шешеді.
Тармақ 18
18. Комиссия немесе жұмыс органы айқындайтын мерзімге және
күн тәртібіне сәйкес комиссия отырыстарына материалдар дайындау,
оларды комиссия мүшелеріне тарату, комиссия отырыстарының
хаттамаларын дайындау, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың
құзыретіне кіретін мәселелер бойынша оларға комиссияның хаттамалық
шешімдерінен үзінді көшірмелер жіберу, сондай-ақ нормативтік -
құқықтық актілерден және осы Ережеден туындайтын басқа да
функциялар жұмыс органының функциялары болып табылады.
Бөлім 6. 6. Комиссияның қызметін тоқтату
6. Комиссияның қызметін тоқтату
Тармақ 19
19. Ақтөбе облыс әкімиятының комиссия қызметін тоқтату туралы
шешім қабылдауы комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз болып
табылады.
Тармақ 20
20. Осы ереженің 19 - тармағында көрсетілген, комиссияның
қызметін тоқтатуға әкеп соғатын мән-жайлар туындаған кезде комиссия
Ақтөбе облысының әкіміне жасалған жұмыс туралы есеп - хат жібереді.