О повышении ставок земельного налога по Кызылжарскому району Северо-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемерін арттыру туралы Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 582-бабы 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық Кодекстің 577, 578-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 (елу) пайызына арттырылсын, автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан жер учаскелерін қоспағанда, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне, соған сәйкесінше:
Тармақша 1
1) елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер;
Тармақша 2
2) елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына жатпайтын жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.