Об утверждении размера платы за один кубический метр питьевой воды, поданной из систем водоснабжения, включенных в перечень систем водоснабжения, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию в Туркестанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан облысында ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 26-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 «Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36700 болып тіркелген), Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Түркістан облысында ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:
Тармақша 1
1) ауыз суды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін - 70 теңге;
Тармақша 2
2) ауыз суды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін - 80 теңге;
Тармақша 3
3) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін - 90 теңге;
Тармақша 4
4) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтыншулар үшін - 100 теңге.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтарына дейін әрекет етеді, осы шешімнің 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.