О понижении размера ставки налога при применении специального налогового режима в Мактааральском районе Қолданыста
Басқа 0
Мақтаарал ауданында арнайы
салық режимін қолдану кезінде
салық мөлшерлемесінің мөлшерін
төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мақтаарал ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4%-дан 2 %-ға дейін төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.