Металл сынықтарын өткізуге құқығы бар мамандандырылған қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесін бекіту туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Металл сынықтарын өткізуге құқығы бар мамандандырылған қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 наурыздағы "Қайталама қара және түсті металдар рыногы туралы" N 383 қаулысымен бекітілген Лицензиаттың жеке адамдардан түсті және қара металдарды қабылдау тәртібінің 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің өтініш-хатына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түсті (электротехникалық текті), қара (бұрын пайдаланылған рельстер, темір жол төсеніштерінің, жылжымалы құрамының бөліктері) металдардың сынықтарын өткізуге құқығы бар мамандандырылған қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесі қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары А.Г. Савченкоға жүктелсін.
Басқа 3. Түсті (электротехникалық текті), қара (бұрын пайдаланылған рельстер, темір жол төсеніштерінің, жылжымалы құрамының бөліктері) металдардың сынықтарын өткізуге құқығы бар мамандандырылған қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесі
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі "Металл сынықтарын өткізуге құқығы бар мамандандырылған қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" №251 қаулысына қосымша Түсті (электротехникалық текті), қара (бұрын пайдаланылған рельстер, темір жол төсеніштерінің, жылжымалы құрамының бөліктері) металдардың сынықтарын өткізуге құқығы бар мамандандырылған қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Привокзальная көшесі 1 үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Қазтеміржолкөлік" акционерлік қоғамының Жамбыл филиалы.
Тармақ 2
2. Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы, Паровозная көшесі 2 үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Локомотив" акционерлік қоғамының "Шу пайдалану локомотив депосы" филиалы.
Тармақ 3
3. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Тынышбаев көшесі 81 үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Локомотив" акционерлік қоғамының "Жамбыл пайдалану локомотив депосы" филиалы.
Тармақ 4
4. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Байзақ батыр көшесі 279 үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Көліктік сервис орталығы" акционерлік қоғамының "КСО-Жамбыл" филиалы.
Тармақ 5
5. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Тынышбаев көшесі 2 үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Ал-Қар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 6
6. Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы, Паровозная көшесі 1 үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Мақсат А" акционерлік қоғамы.
Тармақ 7
7. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Тынышбаев көшесі 81 үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Желдорреммаш" ашық акционерлік қоғамының "Тұлпар АТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 8
8. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Тынышбаев көшесі, 81 үй мекен жайы бойынша орналасқан "Тараз тұлпары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. <*>