Об увеличении лимита служебных легковых автомобилей Таможенному комитету Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне қызметтiк жеңiл автомобильдер лимитiн көбейту туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.05. N 786 қаулысымен
Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Кеден қызметiн басқарудың бiрлiгi туралы келiсiмдердi жүзеге асыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Кеден комитетi жанындағы Ресей Федерациясының Мемлекеттiк Кеден комитетi өкiлдiгiнiң қызметкерлерiне шарт негiзiнде ақылы қызмет көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне "Қазақстан Республикасы Кеден комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 желтоқсандағы N 1551 қаулысымен белгiленген қызметтiк жеңiл автомобильдер лимитi 4 автомобильге көбейтiлсiн.