Об уменьшении территории Жусандалинской государственной заповедной зоны республиканского значения Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағын кішірейту туралы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағы 30 гектарға кішірейтілсін.
Тармақ 2
2. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде: «Жамбыл облысы» деген бөлімде: реттік нөмірі 42-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 42 Жу­сан­да­ла мем­ле­кет­тік қо­рық ай­ма­ғы 2756978,68 Ал­ма­ты об­лы­сы­ның Бал­қаш, Іле, Жам­был аудан­да­ры; Жам­был об­лы­сы­ның Қор­дай, Шу және Мой­ын­құм аудан­да­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі ко­ми­те­ті ».
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.