Об утверждении Правил по организации деятельности службы горюче-смазочных материалов в воинских частях гражданской обороны Қолданыста
Басқа 0
Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде жанар-жағармай материалдары қызметінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 60-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде жанар-жағармай материалдары қызметінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдау.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде жанар-жағармай материалдары қызметінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидалар
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушының
2025 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде жанар-жағармай материалдары қызметінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидалар
Тарау 8
1 -тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде жанар-жағармай материалдары қызметінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16 пунктінің 60-19) тармақшасына сәйкес әзірленген және Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде (бұдан әрі – әскери бөлімдер) жанар-жағармай материалдары қызметінің қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Жанар-жағармай материалдары (бұдан әрі – ЖЖМ) қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану, жөндеу және сақтау үшін негізгі материалдық-техникалық құралдардың бірі болып табылады.
Тармақ 3
3. ЖЖМ қызметінің техникалық құралдарына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) тасымалдау және құю құралдары;
Тармақша 2
2) құю, сақтау және жылыту жабдықтары;
Тармақша 3
3) тазалау және сапаны бақылау құралдары;
Тармақша 4
4) қозғалмалы жөндеу шеберханалары, дала магистральдық қойма құбырлары.
Тармақ 4
4. Әскери бөлімдерді ЖЖМ және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету бөлімдердің жылдық өтінімдері бойынша, бөлінген қаржылық лимиттер шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. ЖЖМ қызметінің функциялары:
Тармақша 1
1) ЖЖМ және жабдықпен қамтамасыз етуді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау;
Тармақша 2
2) қор нормаларын және олардың сақтау тәртібін әзірлеу;
Тармақша 3
3) қорларды жинау, сақтау, есепке алу, жаңарту және тиімді пайдалану;
Тармақша 4
4) сапаны бақылау және жабдықты техникалық қызмет көрсету;
Тармақша 5
5) жеке құрамды даярлау;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне (бұдан әрі – АҚжӘБК) өтінімдерді қалыптастыру және деректерді ұсыну;
Тармақша 7
7) ЖЖМ тиімді жұмсалуын және үнемдеуді ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) қауіпсіздік шаралары мен өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) тылдың басқа қызметтерімен өзара іс-қимыл;
Тармақша 10
10) есепке алу және есеп беру жүргізу.
Тармақ 6
6. ЖЖМ қызметінің жалпы басшылығын АҚжӘБК жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. ЖЖМ қызметін басқару органдары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің деңгейінде (бұдан әрі – ТЖМ) – АҚжӘБК;
Тармақша 2
2) әскери бөлімдер деңгейінде – ЖЖМ қызметінің бастығы;
Егер лауазым көзделмеген болса – бөлім командирінің бұйрығымен офицер тағайындалады.
Тармақ 8
8. ЖЖМ қызметінің құрылымына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) тасымалдау және құю бөлімдері;
Тармақша 2
2) ЖЖМ қоймалары (базалары);
Тармақша 3
3) жөндеу шеберханалары;
Тармақша 4
4) сапаны бақылау зертханалары;
Тармақша 5
5) толтыру пункттері.
ЖЖМ қызметі өзіне жүктелген міндеттерді бөлімнің тиісті қызметтерімен өзара іс-қимылда орындайды.
ЖЖМ қызметін басқару органдары есеп беру кестесінде көрсетілген ақпаратты АҚжӘБК-не және есеп беру кестесін ұсыну тәртібіне сәйкес береді.
Тармақ 9
9. ЖЖМ қызметінің бастығы тыл жөніндегі командир орынбасарына бағынады және:
Тармақша 1
1) қызметті қамтамасыз етуге дайындайды;
Тармақша 2
2) бөлімдердің уақытылы жабдықтайды;
Тармақша 3
3) лимиттер мен есеп жүргізу ережелерін сақтау;
Тармақша 4
4) сақтау және сапаны бақылауды ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) жеке құрамды даярлау;
Тармақша 6
6) қауіпсіздік және өртке қарсы қорғау;
Тармақша 7
7) есепке алу және есеп беру жүргізу.
Тармақ 10
10. ЖЖМ және жабдықпен қамтамасыз ету схемасы: АҚжӘБК – әскери бөлім – бөлімше.
Жеке әскери бөлімдер, ЖЖМ аз жұмсайтын, АҚжӘБК қарастыруымен жақын орналасқан ЖЖМ қызметі бар бөлімдердің біріне бөлімше ретінде бекітілуі мүмкін. Мұндай жағдайда ЖЖМ қызметінің жеке құрамы (кіші мамандар) бекітілген бөлімде өз мамандығы бойынша жұмысқа тартылады.
Әскери бөлімді қамтамасыз етуге қосу негізі – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
Тарау 2. 2-тарау. Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету
2-тарау. Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету
Тармақ 11
11. ЖЖМ әскери бөлімдерге командирлер бекіткен және АҚжӘБК-мен келісілген жылдық өтінімдер негізінде беріледі.
Тармақ 12
12. ЖЖМ шығынының лимиті АҚжӘБК тарапынан қажеттілікті талдау, нақты шығыс және бөлінген қаржыландыру негізінде белгіленеді.
ЖЖМ-ға қажеттілікті есептеу отын шығысы нормалары мен техника саны ескеріле отырып жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. ЖЖМ қажеттілігін анықтау
3-тарау. ЖЖМ қажеттілігін анықтау
Тармақ 13
13. ЖЖМ-ға жылдық қажеттілік әскери бөлімдердің өтінімдері негізінде анықталады және екі және одан да көп дереккөз бойынша орташа нарықтық бағалар ескеріле отырып, АҚжӘБК бекітеді.
Тармақ 14
14. Өтінімдер АҚжӘБК белгілеген мерзімде, есептілік кестесіне сәйкес ұсынылады.
Тармақ 15
15. ЖЖМ-ға жылдық есептеулер мен өтінімдер мынадай негізде жасалады:
Тармақша 1
1) әскери техниканың түрлері, типтері, пайдалану топтары және машиналар маркалары бойынша саны туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) әскери техниканың жылдық пайдалану нормалары (моторсағаттар);
Тармақша 3
3) қор жинау жоспарлары;
Тармақша 4
4) әскери техникада ЖЖМ шығысы нормалары мен қолдану кестелері;
Тармақша 5
5) қорға тимейтін қордағы әскери техниканы жанармай құюға, жүргізіп сынауға және тексеріп көруге арналған ЖЖМ-ға қажеттіліктің белгіленген нормаларға сәйкес есептеулері;
Тармақша 6
6) қызмет бастықтарының (бөлімше командирлерінің) өндірістік-техникалық және шаруашылық қажеттілікке арналған ЖЖМ-ға есеп-өтінімдері;
Тармақша 7
7) әскери техниканың түрлері бойынша ЖЖМ-дың нақты шығысы, бар болуы және моторсағаттардың пайдаланылуы туралы мәліметтер.
ЖЖМ-ға есептеулер мен өтінімдер жасаудың негізі:
Тармақша 1
1) жоспарланып отырған жылға жауынгерлік даярлық жоспарларына алдын ала есептеулер;
Тармақша 2
2) әскери техниканы жөндеу жоспарлары.
ЖЖМ-ға жылдық өтінімдер жасау үшін жоспарланып отырған жылдан бұрынғы жылға арналған әскери бөлімдердің өтінімдері пайдаланылады.
Тармақ 16
16. ЖЖМ-ға жылдық өтінімдер мен қажеттілік есептеулері алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы техниканың тізімі бойынша бар болу бойынша жасалады.
Тармақ 17
17. Қажеттілік нақты шығысты талдау және үнемдеу мүмкіндіктері негізінде нақтыланады.
Тарау 4. 4-тарау. Әскери бөлімдерді ЖЖМ-мен қамтамасыз ету тәртібі
4-тарау. Әскери бөлімдерді ЖЖМ-мен қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 18
18. Әскери бөлімдерді ЖЖМ-мен қамтамасыз ету АҚжӘБК-нің орталықтандырылған жоспары бойынша не бекітілген өтінімдер мен лимиттер негізінде дербес жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. АҚжӘБК не әскери бөлім шарттар жасасуды, ЖЖМ белгіленген мерзімде жеткізуді ұйымдастырады, жеткізудің уақтылығы мен жеткізілетін отынның сапасын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Әскери бөлім командирлері ЖЖМ қамтамасыз ету жоспарларын бекітеді және олардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 21
21. ЖЖМ жеткізу бөлімдердің орналасқан жерінің қашықтығына және жағдайларына қарай автомобиль және теміржол көлігімен жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. ЖЖМ-ды қабылдау, сақтау және босату белгіленген құжаттармен (акт, жүкқұжат, есеп карточкалары) рәсімделеді.
Тармақ 23
23. ЖЖМ қызметінің бастығы ЖЖМ дұрыс сақтауына, беруіне және сақталуына жауапты.
Тарау 5. 5-тарау. ЖЖМ-ді сақтау
5-тарау. ЖЖМ-ді сақтау
Тармақ 24
24. ЖЖМ өрт қауіпсіздігі талаптарына және техникалық регламентке сәйкес резервуарлармен және сыйымдылықтармен жабдықталған қоймаларда және базаларда сақталады.
Тармақ 25
25. Әртүрлі маркалы отынды бір сыйымдылықта сақтауға және олардың қалдықтарын араластыруға жол берілмейді.
Тармақ 26
26. Майлардың есебі мен сақталуы отыннан бөлек жүргізіледі, маркасы және түскен күні көрсетіле отырып.
Тармақ 27
27. ЖЖМ қоймаларында дератизация, дезинсекция және жабдықтың герметикалық тығыздығын тұрақты тексеру жүргізіледі. Жауапты – қойма бастығы.
Тарау 6. 6 тарау. Әскери техникаға ЖЖМ құюды ұйымдастыру
6 тарау. Әскери техникаға ЖЖМ құюды ұйымдастыру
Тармақ 28
28. Техниканы құюды ЖЖМ қызметінің бастығы бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарының басшылығымен ұйымдастырады. Құю қауіпсіздігі мен уақтылығы үшін бөлім командирі жауапты.
Тармақ 29
29. Техниканы құю қозғалтқыштары өшірілген күйде, өрт сөндіру құралдары болған жағдайда және қауіпсіздік шаралары сақтала отырып жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Құюға қауіпсіздік талаптары бойынша нұсқау алған және білімі тексерілген адамдар ғана жіберіледі.
Тармақ 31
31. Құюды ұйымдастыруға жауапты ЖЖМ қызметінің бастығы. Орындалуын бақылау – командирдің тыл жөніндегі орынбасарына жүктеледі.
Тармақ 32
32. Құю кезінде темекі шегуге, ашық от қолдануға, отынды қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Барлық операциялар құю есебі журналында тіркеледі.
Тармақ 33
33. Әскери бөлімдер мен бөлімшелер теміржолмен тасымалданған кезде барлық машиналар эшелонға тиелгенге дейін тасымалдау жағдайлары ескеріле отырып, ЖЖМ-мен толық құйылады. Эшелон құрамына ЖЖМ-мен толтырылған штаттық құю және тасымалдау құралдары енгізіледі.
Тармақ 34
34. Машиналар мен цистерналардың бактарын ЖЖМ-мен толтыруға (құюға) дайындағаны, ЖЖМ-ді машиналар мен цистерналардың бактарына құйған сәттен бастап оның сақталуы мен сапасы үшін бөлімше командирлері және бөлім командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары жауап береді.
Тарау 7. 7-тарау. ЖЖМ-ды қолдану, нормалау және шығындау
7-тарау. ЖЖМ-ды қолдану, нормалау және шығындау
Тармақ 35
35. Отын мен май шығыны нормалары әскери бөлім командирлерінің бұйрықтарымен барлық техника, жабдық және механизм түрлеріне белгіленеді.
Тармақ 36
36. Шығын нормаларының сақталуын бақылауды бөлім командирлері мен ЖЖМ қызметі бастықтары жүзеге асырады. Тексеру тоқсан сайын өткізіледі, нәтижесі актпен рәсімделеді.
Тармақ 37
37. Әскери бөлім командирлерінің техника және қару-жарақ жөніндегі (техникалық бөлім жөніндегі) орынбасарлары ЖЖМ-дің әскери техникада нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес сапасы мен дұрыс қолданылуын бақылайды.
Бақылау нәтижелерін ЖЖМ қызметі бастығы талдайды, үнемдеу жөніндегі ұсыныстар тыл жөніндегі орынбасарға жолданады.
Тармақ 38
38. Маусымдық отын мен май ауыстырған кезде ЖЖМ қызметі бастығы қалдықтарды толық ауыстыруды және сыйымдылықтарды жууды ұйымдастырады. Өткізу тәртібі – нұсқаулық бойынша.
Техниканы маусымдық пайдалануға көшіргенде:
Тармақша 1
1) жазғы пайдалану кезеңіне – машиналар бактарындағы қысқы маркалы дизель отыны жазғы маркаға ауыстырылмайды;
Тармақша 2
2) қысқы пайдалану кезеңіне – машиналар бактарындағы жазғы маркалы дизель отыны қысқы маркаға ауыстырылады.
Тармақ 39
39. Қозғалтқыштарда, трансмиссия агрегаттарында және жүріс бөлігінде маусымдық майлау материалдарын ауыстыру:
Тармақша 1
1) оқу-жауынгерлік (оқу) және көліктік машиналарда – майлардың пайдалану мерзімін өтеген сайын, бірақ машинаны маусымдық пайдалануға көшіру мерзімінен кешіктірмей;
Тармақша 2
2) сақтауда тұрған машиналарда – май мен майлау материалдарының жұмыс мерзіміне қарамастан, оларды маусымдық пайдалануға көшірген кезде.
Ұзақ мерзімді сақтаудағы әскери техникада, мүмкіндігінше, консервациялық қоспалары бар маусымдық емес (жұмыс-консервациялық) майлар қолданылады.
Барлық пайдалану топтары машиналарының қозғалтқыштары мен агрегаттарында маусымдық емес майлау материалдарын ауыстыру олардың белгіленген пайдалану мерзімін өтегеннен кейін жүргізіледі.
Тармақ 40
40. ЖЖМ шығысқа есептен шығарудың негіздері:
Тармақша 1
1) броньды, автомобильдік, шынжыр табанды және доңғалақты техника бойынша – жол жүру парақтары;
Тармақша 2
2) арнайы агрегаттар бойынша – агрегаттың жұмыс парағы.
Қалған жағдайларда ЖЖМ әскери бөлім командирі бекіткен актілер бойынша шығысқа есептен шығарылады.
Тармақ 41
41. Майды есептен шығару:
Тармақша 1
1) пайдаланылатын әскери техникада – машиналарға берген кезде;
Тармақша 2
2) консервациядағы машиналарда – нақты шығыс бойынша. Консервациядағы машиналардың майлау жүйесіндегі майлар есепте қалады.
Тармақ 42
42. Этил спирті мен оның қоспаларының шығысы регламенттік жұмыстарға, жабдықты жөндеуге және басқа мақсаттарға – норма бойынша белгіленген көлемде актілермен есептен шығарылады.
Су-спирттік, спирт-глицериндік және басқа қоспалар дайындауға пайдаланылатын этил спирті қоспаларды кіріске ала отырып, актілермен есептен шығарылады.
Этил спиртін, сондай-ақ уытты техникалық сұйықтықтарды шығысқа есептен шығару актілеріне белгіленген нормаларға сәйкес олардың шығысының есебі қоса беріледі.
Тармақ 43
43. Төмен қату температуралы салқындатқыш сұйықтықтың шығысы қысқы кезеңде пайдалану шығындарын толтыруға және қозғалтқыштардың салқындату жүйесін жууға жұмсалған сұйықтық саны болып есептеледі. Төмен қату температуралы салқындатқыш сұйықтық белгіленген нормалар шегінде шығысқа есептен шығарылады.
Тармақ 44
44. Жауынгерлік, саптық топтар және ұзақ мерзімді сақтаудағы әскери техниканы ЖЖМ-мен құюға қорға тимейтін қордағы ЖЖМ-ды пайдалануға рұқсат етіледі.
Бұл машиналарды жоспарлы шығару және бақылау-іске қосудың алдында бактардағы қорға тимейтін қор ЖЖМ ағымдағы қамтамасыз етуге ауыстырылады, ал резервуарлар мен ыдыстарға тең мөлшерде ЖЖМ қорға тимейтін қорға салынады.
Тармақ 45
45. ЖЖМ мақсатсыз шығындауды болдырмау мақсатында мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) ЖЖМ-ды тікелей мақсаты бойынша емес немесе берілген әскери техникаға белгіленген маркадан жоғары маркалы ЖЖМ қолдану;
Тармақша 2
2) рұқсатсыз қазандық қондырғыларда сұйық отын пайдалану;
Тармақша 3
3) автокөлікті мақсатсыз пайдалану, оның ішінде жүк автомобильдерін жеңіл автомобильдердің орнына қолдану;
Тармақша 4
4) жеке құрамды, жүктерді және поштаны тасымалдау, сондай-ақ тапсырманы белгіленген мерзімде басқа көлік түрлерін пайдалана отырып орындау мүмкін болғанда басқа мақсаттарға пайдалану;
Тармақша 5
5) штаттан тыс әскери техниканы пайдалану;
Тармақша 6
6) ақаулы әскери техниканы, сондай-ақ спидометрі жоқ немесе спидометрі ақаулы автомобильдерді пайдалану;
Тармақша 7
7) әртүрлі маркалы ЖЖМ, майлар және арнайы сұйықтықтарды араластыру.
Тарау 8. 8-тарау. ЖЖМ қызметінің техникалық құралдарын пайдалану және жөндеу
8-тарау. ЖЖМ қызметінің техникалық құралдарын пайдалану және жөндеу
Тармақ 46
46. Техникалық құралдарды дұрыс пайдалану және техникалық қызмет көрсету олардың үнемі дайын әрі сенімді болуының негізі болып табылады.
Үнемі дайындық мынадай жолмен қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) пайдалануға жіберілетін персоналдың біліктілігі;
Тармақша 2
2) қызмет көрсету мен жөндеуді кесте бойынша уақтылы өткізу;
Тармақша 3
3) сақтау және тасымалдау шарттарының сақталуы.
Тармақ 47
47. Техникалық құралдарды пайдалану құқығы олар штат (табель) бойынша қарастырылған әскери бөлімдерге беріледі.
Тармақ 48
48. Әскери бөлім командирі біртипті техникалық құралдар арасында моторсағат шығынын жылдық норма шегінде, жалпы лимитті асырмай қайта бөлуге құқылы.
Тармақ 49
49. Пайдалану жылдық, тоқсандық және айлық пайдалану мен жөндеу жоспарлары негізінде ұйымдастырылады. Техникалық құралдарды тек тікелей мақсаты бойынша пайдалануға ғана жол беріледі.
Тармақ 50
50. Автомобиль шассиіне және тіркемелерге орнатылған жабдыққа техникалық қызмет көрсету базалық шассиге қызмет көрсетумен бір мезгілде жүргізіледі.
Тармақ 51
51. Жаңа және жөнделген техникалық құралдар зауыт-өндірушінің талаптарына сәйкес жүргізіп сынаудан өткізіледі және толық жүргізіп сынаудан кейін ғана сақтауға қойылады.
Тармақ 52
52. Үш айдан артық (ерекше климаттық жағдайларда – бір айдан артық) пайдаланылмайтын техникалық құралдар бөлім командирінің бұйрығымен сақтауға қойылады.
Тармақ 53
53. Техникалық құралдарды дұрыс пайдалану және дайындығы үшін жауапкершілікті бөлім командирлері, олардың тыл және техника жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ ЖЖМ қызметі бастықтары көтереді.
Тармақ 54
54. Техникалық құралдарды пайдалануға арнайы даярлықтан және қауіпсіздік бойынша нұсқау алған адамдар ғана жіберіледі.
Тармақ 55
55. Техникалық құралдардың жай-күйі мен ақаусыздығын бақылауды бөлімше командирлері, олардың тыл және техника жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ ЖЖМ қызметі бастықтары белгіленген кестелер мен нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жүргізеді.
Тармақ 56
56. Техникалық құралдарды жөндеу аралық мерзімдерді, нақты техникалық жай-күйді және пайдалану есебі деректерін ескере отырып жүргізіледі.
Тармақ 57
57. Техникалық құралдардың, оның ішінде базалық шассидің ағымдағы және орташа жөндеуі әскери бөлімдердің жөндеу бөлімшелерінің күшімен орындалады. Күрделі жөндеуді мамандандырылған шеберханалар жүзеге асырады.
Тарау 9. 9-тарау. ЖЖМ қызметінің техникалық құралдарын жөндеуді ұйымдастыру
9-тарау. ЖЖМ қызметінің техникалық құралдарын жөндеуді ұйымдастыру
Тармақ 58
58. ТЖМ әскери бөлімдерінің техникалық құралдарын жөндеуге қажеттілікті ЖЖМ қызметі олардың дислокация орны бойынша анықтайды және есепке алады. Жөндеу АҚжӘБК белгілеген жөндеу шеберханаларында орындалады.
Тармақ 59
59. Техникалық жай-күйін анықтау және жөндеу жұмыстарының көлемі әскери бөлім командирі тағайындаған комиссиямен жүргізіледі. Тексеру қорытындысы бойынша орташа немесе күрделі жөндеуді қажет ететін техникаға техникалық жай-күй актісі жасалады.
Автомобиль шассиіне және тіркемелерге орнатылған техникалық құралдар бойынша актілер бөлек – шассиге және арнайы жабдыққа жасалады.
Акт, формуляр және ілеспе құжаттар жөндеуге тапсырыс ресімдеу үшін ЖЖМ қызметіне жолданады.
Мерзімінен бұрын істен шыққан жағдайда ақаудың себебі және қабылданған шаралар туралы анықтама қоса беріледі.
Тармақ 60
60. ЖЖМ құю және тасымалдау автомобиль құралдарының күрделі жөндеуі АҚжӘБК-нің өкімі бойынша орындалады.
Тарау 10. 10-тарау. ЖЖМ қызметінің іс жүргізуін жүргізу
10-тарау. ЖЖМ қызметінің іс жүргізуін жүргізу
Тармақ 61
61. Қызмет бастығы, қойма бастығы және жауапты орындаушы мен істерін қабылдау-тапсыру ішкі тексеру комиссиясының қатысуымен жүргізіледі. Қабылдаушы:
Тармақша 1
1) материалдық құралдардың нақты қалдықтарын қаржы қызметі мен ЖЖМ қызметінің есеп кітаптары бойынша қоймалар мен бөлімшелердің деректерімен салыстырады;
Тармақша 2
2) есеп кітаптарындағы жазбалардың дұрыстығын қолтаңбамен растайды;
Тармақша 3
3) істердің және тігілген құжаттардың бар болуын тізім бойынша тексереді;
Тармақша 4
4) орындалған кіріс-шығыс құжаттарын, мөртабандарды, мөрлерді және есеп бланкілерін тізім бойынша қабылдайды.
Тармақ 62
62. Істер мен лауазымды тапсырар алдында қызмет бастығы, қойма бастығы немесе жауапты орындаушы:
Тармақша 1
1) есепке алынбаған барлық операцияларды есеп кітаптарына енгізеді;
Тармақша 2
2) орындалған құжаттарды істерге тігеді;
Тармақша 3
3) барлық есеп кітаптарының, істердің және орындалмаған құжаттардың тізімін жасайды.
Тармақ 63
63. Істер мен лауазымды қабылдау-тапсыру актісіне мыналар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) қабылданған істер мен кітаптардың тізімі;
Тармақша 2
2) орындалмаған кіріс-шығыс құжаттарының тізімі;
Тармақша 3
3) орындалған құжаттардың тізімі.
Тарау 11. 11-тарау. Есепке алу және есептілікті ұйымдастыру
11-тарау. Есепке алу және есептілікті ұйымдастыру
Тармақ 64
64. Әскери бөлімдегі барлық материалдық құралдар міндетті түрде есепке алынуға тиіс. Есепке алу бастапқы құжаттарды ресімдеуден және барлық кіріс-шығыс операцияларын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес есеп кітаптарына (карточкаларына) уақтылы жазудан тұрады.
Тармақ 65
65. Материалдық құралдардың бар болуы мен қозғалысының есебі барлық қызметтерде, қоймаларда, шеберханаларда және бөлімшелерде сандық және сапалық көрсеткіштер (категориясы, жарамдылық дәрежесі) бойынша жүргізіледі. Есеп үздіксіз, құжаттық және дәйекті түрде жүргізіледі.
Тармақ 66
66. Есеп деректері әр күнгі материалдық құралдардың нақты бар болуын, жай-күйін және орналасқан жерін көрсетеді, бөлімшелердің қамтамасыз етілу дәрежесін анықтауға және белгіленген нысандағы есептілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тармақ 67
67. Әскери бөлімде және бөлімшелерде есеп құжаттары қолданыстағы ережелерде, нұсқаулықтарда және басшылықтарда белгіленген нысандар мен тәртіппен ресімделеді және жүргізіледі. Белгіленбеген нысандағы құжаттарды қолдануға жол берілмейді.
Тармақ 68
68. Есеп кітаптары нөмірленіп, бауланып, мөрмен бекітіліп, тиісті қызмет бастығының қолы қойылады. Есеп карточкалары қызмет бастығының қолымен және мөрмен расталады. Барлық есеп құжаттарында әскери бөлімнің атауы көрсетіледі.
Есеп кітабының мазмұнында барлық материалдық құралдардың атауы және бет нөмірлері жазылады. Әр затқа белгіленген номенклатура тәртібімен жеке бет (немесе бірнеше бет) бөлінеді.
Бастапқы жазбалар алдыңғы кітаптардың, карточкалардың және түгендеу тізімдердің деректері бойынша жасалады. Кейінгі жазбалар ресімделген құжаттар негізінде жүргізіледі.
Тармақ 69
69. Есеп кітаптары мен карточкаларындағы барлық жазбалар анық, түзетусіз және сызусыз жасалады. Қате жазба бір сызықпен сызылады (сызылғаны оқылатындай етіп), үстіне дұрыс жазба жасалып, есеп жүргізушінің қолы қойылады.
Тармақ 70
70. Жыл соңында, инвентаризация кезінде немесе материалдық жауапты адамдар лауазымды қабылдаған-тапсырған кезде материалдық құралдардың қалдықтары шығарылады.
Қалдықтар туралы жазбалар қызметте – бастық пен аға хатшының, бөлімшелерде – есеп жүргізушінің қолымен расталады.
Есеп кітаптары мен карточкалары күнтізбелік жылдың соңына дейін жүргізіледі.
Тармақ 71
71. Материалдық құралдарды қабылдау және босату құжаттарына қызмет бастығы және есеп жүргізуші қол қояды, бастық болмаған жағдайда – тыл жөніндегі орынбасары.
Материалдық құралдарды басқа әскери бөлімдерге немесе ұйымдарға босату жазбаша өкім негізінде жүргізіледі:
ТЖМ әскери бөлімдері арасында – АҚжӘБК;
басқа жағдайларда – ҚР ТЖ вице-министрі.
Тармақ 72
72. Кіріс және шығыс құжаттарында барлық материалдық құралдар тізімделгеннен кейін жалпы саны сөзбен жазылып, бос жол зигзаг сызықпен сызылады.
Тармақ 73
73. Есеп құжаттары қол қойылғаннан кейін ЖЖМ қызметінің есеп құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі. Негізгі құжатта және әр қосымшада бірдей тіркеу нөмірі қойылады.
Тіркелмеген құжаттар бойынша материалдық құралдарды беру немесе қабылдауға жол берілмейді.
Тармақ 74
74. Кіріс немесе шығыс құжаты құжатта көрсетілген көлемнен аспайтындай етіп толық немесе жартылай босатылған (қабылданған) болса орындалған деп есептеледі. Алынбаған немесе тапсырылмаған бөлік жеке құжатпен ресімделеді.
Материалдық құралдарды беру (қабылдау) алушының (тапсырушының) және берген (қабылдаған) адамның қолымен расталады. Қолсыз құжат жарамсыз деп есептеледі.
Тармақ 75
75. ЖЖМ бойынша есеп деректерін салыстыру әр ай сайын, басқа материалдық құралдар бойынша – кемінде үш айда бір рет жүргізіледі.
Салыстыру нәтижелері есеп кітаптары мен карточкаларының соңына жазылып, оны жүргізген адамдардың қолымен расталады.
Тармақ 76
76. Кіріс және шығыс құжаттарында жазба жасалған есеп кітабының (карточкасының) нөмірі және беті көрсетіледі.
Орындалған құжаттар бекітілген номенклатураға сәйкес істерге тігіледі.
Кітаптар, карточкалар және басқа есеп құжаттары іс жүргізу тәртібіне сәйкес ресімделеді және сақталады.
Тармақ 77
77. Материалдық, техникалық және басқа қамтамасыз ету түрлері бойынша есептілік есептілік кестесінде белгіленген көлемде және мерзімде ұсынылады.
Тармақ 78
78. Құжаттың күні оған қол қойылған, бекітілген немесе онда тіркелген оқиғаның күні болып есептеледі:
бұйрық пен хат үшін – қол қойылған күн;
хаттама мен акт үшін – оқиға күні;
жоспар, есеп және бекітуді қажет ететін басқа құжаттар үшін – бекітілген күн.
Құжатта өзгеше көрсетілмесе, өкімдік құжаттың күшіне ену күні – оны адресат алған күн.
Күн араб цифрларымен «кк.аа.жж» форматында көрсетіледі, мысалы 02.01.25.
Тарау 12. 12-тарау. Мүліктің есебі, берілуі, сақталуы, есептен шығарылуы
12-тарау. Мүліктің есебі, берілуі, сақталуы, есептен шығарылуы
Тармақ 79
79. ЖЖМ есебі ЖЖМ есебі кітабында жүргізіледі, міндетті түрде жол жүру парақтарымен сәйкестендіріле отырып. Рәсімделген жол жүру парағынсыз жанармай құюға жол берілмейді. Бірнеше бөлімшеге құю кезінде әр бөлімшеге бөлек шығыс ведомосі жасалады.
Тармақ 80
80. Ауысым аяқталғаннан кейін шығыс ведомосі рәсімделеді, жол жүру парақтарымен және отын беру бағанасы деректерімен салыстырылады. Қоймадан есептен шығару – салыстыру негізінде есеп кітабы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 81
81. Майлар мен улы техникалық сұйықтықтар (бұдан әрі – УТС) техникалық қызмет және жөндеу жоспарында тұрған машиналардың нөмірлері көрсетіле отырып, жүкқұжат бойынша беріледі. Шығыстың есебі техникалық қызмет және жөндеу кітабында жүргізіледі. Жұмсалған майлар ЖЖМ қоймасына тапсырылуға жатады.
Тармақ 82
82. Жанармай құю бекеті (бұдан әрі – ЖҚБ) болмаған жағдайда – карталар/талондар бойынша автожанармай құю станциясында фонд шегінде жанармай құю. Әр марка бойынша литрмен есеп жүргізіледі, беру – ведомость бойынша.
Тармақ 83
83. Әр ай сайын қоймадағы және бактардағы қалдықтардың инвентаризациясы жүргізіледі. Қойма бойынша – осы Ереженің №2 қосымшасына сәйкес акт, бактар бойынша – қалдықтар мен талондар ведомосі. Есеп кітабымен және жол жүру парақтарымен салыстыру жүргізіледі. Артықшылықтар кіріске алынады. Табығы ысырап нормалары шегіндегі кем шығулар есептен шығарылады, нормадан тыс кем шығулар – тергеп-тексеру жүргізіліп, белгіленген тәртіппен есептен шығарылады. Фактілік кем шығуы болмаған кезде шығындарды норма бойынша есептен шығаруға жол берілмейді.
Тарау 13. 13-тарау. Іс жүргізу, тіркеу, бекіту
13-тарау. Іс жүргізу, тіркеу, бекіту
Тармақ 84
84. Құжаттар істер номенклатурасы бойынша қалыптастырылады, қараламалар мен дубликаттарсыз. Бір іске 250 параққа дейін. Тұрақты және уақытша істер бөлек жүргізіледі. Көлемді қосымшалар – жеке томдар. Орналастыру реті – мәселенің логикасы және хронология бойынша.
Тармақ 85
85. Барлық кіріс, шығыс және өкімдік құжаттар осы Қағиданың №3 қосымшасына сәйкес кітапта тіркелуге жатады.
Тармақ 86
86. Бекітуге жататын құжат заңды күшін тек оны бекіткен сәттен бастап иемденеді.
Тармақ 87
87. Құжаттарды онда қойылған мәселелерді шешу өкілеттілігіне кіретін тиісті органдар немесе лауазымды тұлғалар бекітеді.
Тармақ 88
88. Төмендегі құжат түрлері бекітуге жатады:
Тармақша 1
1) ережелер (ұйымдар, мекемелер, олардың құрылымдық бөлімшелері, кеңесші органдар және басқалар туралы);
Тармақша 2
2) мекемелер мен кәсіпорындардың жарғылары;
Тармақша 3
3) есептер мен баланстар;
Тармақша 4
4) құрылым және штаттық кестелер;
Тармақша 5
5) ағымдағы және перспективалық жоспарлар;
Тармақша 6
6) тексеру-ревизиялық сипаттағы актілер және басқалар.
Тармақ 89
89. Құжатты бекіту екі тәсілмен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) бекіту грифімен;
Тармақша 2
2) тиісті өкімдік құжат (қаулы, шешім, бұйрық) шығару арқылы. Бекітудің екі тәсілі бірдей заңды күшке ие.
Тармақ 90
90. Құжаттың күшіне енуі қосымша іс-әрекеттер мен нұсқауларды талап еткен жағдайда өкімдік құжат шығарылады.
Тармақ 91
91. Бекіту грифінің элементтері: БЕКІТЕМІН сөзі, құжатты бекітетін тұлғаның лауазымының атауы, жеке қолы, аты-жөнінің бастапқы әріптері мен тегі, бекіту күні.
Тармақ 92
92. Орындалуы және іске жіберілгені туралы белгі: қысқаша анықтама (растаушы құжат болмаған жағдайда), «іске» деген белгі, іс нөмірі, күні, орындаушының/басшының қолы.
Тарау 14. 14-тарау. Әскери ЖЖМ қоймасының тағайындалуы, сипаттамасы және жұмыс істеуі бойыншуа жалпы ережелер
14-тарау. Әскери ЖЖМ қоймасының тағайындалуы, сипаттамасы және жұмыс істеуі бойыншуа жалпы ережелер
Тармақ 93
93. Әскери ЖЖМ қоймалары ЖЖМ, майлау материалдарын, арнайы сұйықтықтарды және ЖЖМ қызметінің техникалық құралдарын қабылдау, сақтау және беру үшін арналған.
Тармақ 94
94. Әскери ЖЖМ қоймалары стационарлық және далалық болып бөлінеді.
Стационарлық қоймаларға ЖЖМ мен техникалық құралдарды қабылдау, сақтау және беру үшін негізгі технологиялық жабдығы тұрақты капиталдық құрылыстар болып табылатын қоймалар жатады.
Далалық қоймаларға ЖЖМ қабылдау, сақтау және беру жабдығы жылжымалы және көшпелі техникалық құралдардан тұратын, белгіленген ауданда қысқа мерзімде жайылуға қабілетті қоймалар жатады.
Тармақ 95
95. Әскери ЖЖМ қоймалары штаттарға, табельдерге және нормаларға сәйкес жеке құраммен және техникалық құралдармен толықтырылады.
Тармақ 96
96. Полк, батальон ЖЖМ қоймаларының тағайындалуы:
Тармақша 1
1) ЖЖМ алу, оны бөлімшелерге және жанармай құю пункттеріне беру;
Тармақша 2
2) белгіленген ЖЖМ және техникалық құралдар қорын ұстау.
ЖЖМ қоймалары белгіленген ЖЖМ қорын ұстау және бөлімдерді онымен қамтамасыз ету үшін арналған. Қамтамасыз етілетін бөлімшелер ЖЖМ-ді жанармай құю пункттері арқылы алады.
Тармақ 97
97. Әскери ЖЖМ қоймаларындағы жұмыс әскери бөлімнің жылдық шаруашылық жоспарына, бөлім ЖЖМ қызметі бастығының жоспарларына және қойма бастығының жоспарларына сәйкес ұйымдастырылады.
Жоспарларда қоймада жүргізілетін төмендегі негізгі жұмыстар көзделеді:
Тармақша 1
1) ЖЖМ және техникалық құралдарды қабылдау, сақтау және беру;
Тармақша 2
2) ЖЖМ және техникалық құралдарды дұрыс сақтауды тексеру;
Тармақша 3
3) ЖЖМ-нің сапалық жағдайын және оны уақтылы жаңартуды тексеру;
Тармақша 4
4) ЖЖМ және техникалық құралдардың бар болуын және олардың есептік деректерге сәйкестігін тексеру;
Тармақша 5
5) қойманың есептік және есептілік құжаттамасын жүргізу және оның жай-күйін тексеру;
Тармақша 6
6) қойманың техникалық құралдары мен құрылыстарын күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 7
7) өлшем құралдары мен өлшеуіш аспаптардың техникалық жай-күйін бақылау, оларды уақтылы тексеру және таңбалауға ұсыну;
Тармақша 8
8) резервуарлар мен құбыржолдарға калибрлеу кестелерін жасау және тексеру;
Тармақша 9
9) жұмсалған майларды, арнайы сұйықтықтарды қабылдау және қамтамасыз етуші органның нұсқауы бойынша оларды тапсыру (жөнелту);
Тармақша 10
10) қоршаған ортаны (су айдындарын, жер учаскелерін, орман алқаптарын, атмосфераны) ЖЖМ-мен ластанудан сақтандыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 11
11) қойманың техникалық құралдары мен жабдығын дұрыс пайдалануды тексеру;
Тармақша 12
12) қойманы көктем-жазғы және күзгі-қысқы жағдайларда жұмыс істеуге дайындау;
Тармақша 13
13) өртке қарсы қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шараларды орындау; лауазымды тұлғалардың техникалық құралдарда жұмыс істеу бойынша арнайы дайындығын ұйымдастыру және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру;
Тармақша 14
14) лауазымды тұлғалардың техникалық құралдарда жұмыс істеу бойынша арнайы дайындығын ұйымдастыру және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру.
Тармақ 1. 1-параграф. Резервуарлар және ыдыстар
1-параграф. Резервуарлар және ыдыстар
Тармақ 98
98. ЖЖМ сақтауға арналған резервуарлар мұнай өнімдерінің түрлері мен сорттары бойынша топтарға орналастырылады. Әр резервуарлар тобы төгілудің таралуын болдырмайтын обвалование құрылғысымен жабдықталады, жаңбыр және еріген сулардың ағызылуы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 99
99. Резервуарлардың конструктивтік және техникалық параметрлері (түрі, сыйымдылығы, резервуарлар арасындағы қашықтық және ғимараттардан, алаңдардың еңісі, обвалование мен кіреберіс жолдардың өлшемдері) жобалық құжаттамамен және тиісті мемлекеттік стандарттар мен құрылыс нормаларымен айқындалады.
Тармақ 100
100. Әр резервуарда паспорт, калибрлеу кестесі және сақталатын өнімнің маркасы, сорты мен көлемі, соңғы тазалау және талдау күні көрсетілген тақтайша болады. Резервуар паспорты ЖЖМ қоймасында сақталады.
Тармақ 101
101. Резервуарлар деңгейді, температураны, дренажды және сынама алуды бақылау құрылғыларымен, сондай-ақ жерге тұйықтау және статикалық электрден қорғау құралдарымен жабдықталады. Жерге тұйықтау құрылғылары жылына кемінде бір рет акт жасала отырып тексеріледі.
Тармақ 102
102. Резервуарларды қарап-тексеру және техникалық қызмет көрсету бөлім командирі бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.
Ағымдағы қарап-тексеру – алты айда кемінде бір рет.
Орташа жөндеу – екі жылда кемінде бір рет.
Күрделі жөндеу – қажеттілігіне қарай.
Әр қарап-тексеру кезінде тығыздығы, арматураның, дәнекерленген тігістердің, баспалдақтар мен алаңдардың жай-күйі тексеріледі.
Тармақ 103
103. Резервуарларды тазалау екі жылда кемінде бір рет, сондай-ақ басқа маркалы жанармайға көшкен кезде жүргізіледі. Жұмыстар дегазациядан кейін механикаландырылған тәсілмен немесе қолмен, ЖЖМ қызметі бастығының басшылығымен, міндетті түрде жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып орындалады. Тазалаудан кейін акт жасалады және резервуар паспортында белгі қойылады.
Тармақ 104
104. Резервуарлардың ішкі және сыртқы беттері, сондай-ақ металл конструкциялары коррозияға қарсы жабындылармен боялады. Жер асты учаскелері белгіленген нормаларға сәйкес оқшаулаумен қорғалады.
Тармақ 105
105. ЖЖМ сақтау және тасымалдауға арналған ыдыс бүлінбеген, таза және тығындармен тығыз жабылады, тығындарда тығыздағыштар болады. Толтыру алдында ыдыс судың, кірдің және тоттың қалдықтарынан тазартылады. Ағаш тығындарды және зақымданған ыдыстыпайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 106
106. Бос ыдыс толтырылған ыдыстан бөлек сақталады. Әр бөшке мен канистрде өшпейтін бояумен өнім маркасының, нетто және ыдыс массасының белгілері салынады. Әр үйіндіде өнімнің атауы және бірліктер саны көрсетілген тақтайша ілінеді.
Тармақ 107
107. Тазаланған және жөнделген ыдыс жауапты тұлғаның қарап-тексеруінен кейін одан әрі пайдалануға жіберіледі.
Уытты немесе тез тұтанатын сұйықтықтардың астындағы ыдыс жуылып, арнайы бөлінген, жабылатын үй-жайларда сақталады.
Тармақ 108
108. Барлық резервуарлар мен ыдыс толтырылғаннан немесе сынама алынғаннан кейін пломбылануға жатады. Пломбалардың бұзылуы актпен тіркеледі және тергеп-тексеріледі.
Тармақ 109
109. Резервуарлар мен ыдысқа қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 286 бұйрығымен бекітілген Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23068 болып тіркелді) және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26867 болып тіркелді) сәйкес орындалады.
Тармақ 2. 2-параграф. Құбыржолдар
2-параграф. Құбыржолдар
Тармақ 110
110. Әскери ЖЖМ қоймаларындағы стационарлық құбыржолдар әдетте, өздігінен босату құрылғылары жаққа тұрақты еңіспен жерге көміле отырып төселеді. Ең аз еңістер: тұтқырлығы төмен сұйықтықтар үшін – кемінде 0,003, тұтқырлығы жоғары немесе қатып қалатындар үшін – кемінде 0,02.
Тармақ 111
111. ЖЖМ-ге арналған құбыржолдарды газ құбырларымен, өрт сөндіру су құбырымен, жылу трассаларымен немесе жоғары және төмен кернеулі күштік кабельдермен ортақ траншеяларда төсеуге жол берілмейді.
Коммуникацияларды қорғау қорғаныш футлярлармен (металл, бетон немесе асбестцемент) қамтамасыз етіледі, әсіресе автомобиль немесе теміржолдарды қиған кезде.
Тармақ 112
112. Құбыржолдарды төсеудің ең аз тереңдігі: жер бетінен құбырдың үстіңгі жағына дейін – кемінде 0,8 м, ал жабық каналда төселген жағдайда – кемінде 0,6 м. Жолдар арқылы өткізгенде қорғаныш құбыры жол жамылғысының шетінен кемінде 2 м шығып тұруға тиіс, ал қорғаныш құбырының ішкі диаметрі төселетін құбырдың диаметрінен 100–200 мм артық болуы керек.
Тармақ 113
113. Стационарлық ЖЖМ қоймасының технологиялық құбыржолдарына әр құбыржол бойынша деңгейі немесе көлемі бойынша ЖЖМ мөлшерін анықтауға мүмкіндік беретін калибрлеу кестесі жасалады. Кесте бөлім командирімен бекітіледі және құбыржол паспортымен бірге сақталады.
Тармақ 114
114. Құбыржолдардың фланецті және басқа қосылыстары май-бензинге төзімді резеңке, паронит немесе кептіргіш майға малынған картон прокладкалармен жабдықталады (штаттық прокладкалар болмаған жағдайда құжатпен негізделген ұқсас материалдарды қолдануға жол беріледі). Іске қосар алдында қосылыстардың тығыздығы тексеріледі; пайдалануға тек сәтті тексеруден кейін ғана жіберіледі.
Тармақ 115
115. Құбыржолдар желісінің профилактикалық қарап-тексеруі жылына кемінде екі рет, оның ішінде көктемгі және қысқы кезеңге дайындық кезінде жүргізіледі. Күнделікті пайдалану кезінде: ысырмалар мен вентильдердің жай-күйі, ағулардың жоқтығы, манометрлердің көрсеткіштері, қорғаныш футлярлардың бүтіндігі тексеріледі.
Тармақ 116
116. Пайдалану процесінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) құбыржолдағы қысымды жоба бойынша көзделгеннен асыру;
Тармақша 2
2) ағып кетуді тиісінше тексерместен құбырлар мен қосылыстарды пайдалану;
Тармақша 3
3) ысырмаларды конструкцияда көзделмеген тұтқалармен ашу және жабу;
Тармақша 4
4) құбыржол жүйесіне судың түсуіне жол беру (қатып қалған су зақымдануға әкелуі мүмкін);
Тармақша 5
5) бекітілген техникалық қызмет көрсету кестелерінен ауытқу.
Тармақ 117
117. Құбыржолда ағу немесе терлеу анықталған кезде дереу шаралар қабылданады: авариялық муфталар немесе қысқыштар орнату не учаскені толық босатып, дайындағаннан кейін дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу. Ақаудан кейін құбыржол қайта қысыммен сынақтан өткізіледі – 10 минут ішінде қысымның төмендеуі 0,02 МПа-дан аспаса, сынақтан өтті деп есептеледі.
Тармақ 118
118. Үй-жайлар ішіндегі құбыржолдар қорғаныш түске майлы бояумен боялады және сәйкестендіру жолақтарымен белгіленеді. Маркировка мысалдары:
Тармақша 1
1) этилденген автомобиль бензині – қызыл жолағы бар сары;
Тармақша 2
2) этилденбеген бензин – сары;
Тармақша 3
3) дизель отыны – қоңыр;
Тармақша 4
4) мазут – қара;
Тармақша 5
5) майлар – көк.
Жолақтар тармақтарда, іріктеу нүктелерінде, жабу арматурасында және трассада әр 5 метр сайын кемінде бір рет салынады.
Тармақ 119
119. Құбыржолдарды жерге тұйықтау және қорғаныш нөлдеу міндетті. Кернеу астында қалуы мүмкін прокладкалар, қосылыстар және металл бөліктер сенімді түрде жерге тұйықталады немесе нөлденеді. Күрделі жөндеуден кейін және жылына кемінде бір рет жерге тұйықтағыштардың кедергісі тексеріледі (10 Ом-нан аспауы керек) және хаттама құбыржол паспортында тіркеледі.
Тармақ 120
120. Құбыржолдар мен қосылыстарды қазу, жөндеу, тазалау немесе қарап-тексеру бойынша барлық жұмыстар рұқсат-наряд бойынша, жауапты тұлғаны тағайындай отырып, жеке қорғаныс құралдарының болуымен жүргізіледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Қоймалар және шатырлар
3-параграф. Қоймалар және шатырлар
Тармақ 121
121. ЖЖМ және техникалық құралдарды сақтауға арналған стационарлық қоймалар мен шатырлар мына талаптарға сәйкес жанбайтын материалдардан салынады:
Тармақша 1
1) ҚР ҚН 2.02-01-2023 «Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі»;
Тармақша 2
2) ҚР ҚН 3.05-04-2014 «Мұнай, мұнай өнімдері және сұйытылған газдарға арналған жерасты қоймалары»;
Тармақша 3
3) ЕЖ 156.13130.2020 «Мұнай және мұнай өнімдері қоймалары» (ұлттық баламалары болмаған жағдайда жобалау кезінде қолданылады).
Тармақ 122
122. Қоймаларда ЖЖМ буының жиналуын болдырмау үшін табиғи және (қажет болғанда) мәжбүрлі желдету қамтамасыз етіледі.
Тарту шахталары дефлекторлармен жабдықталады, ауа ағыны фрамугалар мен терезелер арқылы қамтамасыз етіледі.
Тез тұтанатын сұйықтықтар (ТТС) сақталатын үй-жайларда жарылыстан қорғалған орындауда мәжбүрлі желдету жабдықталады.
Тармақ 123
123. Желдету, электрмен жабдықтау және жылыту жүйелерінің барлығы үй-жайдың жарылыс-өрт қауіптілік санатына (В-1г класы, 2 аймақ) сәйкес жарылыс қауіпсіз орындауда орындалады.
Жарық шамдар мен ажыратқыштардың IP қорғаныс дәрежесі кемінде 54 болуы тиіс.
Тармақ 124
124. Қоймалардағы электр жабдығы мына талаптарды сақтай отырып орналастырылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидалары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10851 болып тіркелді);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидалары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10949 болып тіркелді).
Тармақ 125
125. Қауіпсіздік пен пайдаланудың ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін қоймалар мыналармен жабдықталады:
Тармақша 1
1) жүк тиеу-түсірудің механикаландырылған құралдары (тальдар, электрштабелерлер);
Тармақша 2
2) жанбайтын материалдардан жасалған стеллаждар мен паллеттер;
Тармақша 3
3) табиғи және жасанды жарықтандыру;
Тармақша 4
4) өртке қарсы қорғау құралдары (өрт сөндіргіштер, құм салынған жәшіктер, асбест маталар).
Тармақ 188
188. Әр қоймада рәсімделеді және тұрақты орналасады:
Тармақша 1
1) стеллаждардың орналасуын, өтетін жолдарды және өрт сөндіру құралдарын көрсете отырып, қойма жоспары;
Тармақша 2
2) габариттері, сыйымдылығы, конструкция түрі, пайдалануға енгізілген күні, жарылыс-өрт қауіптілігі санаты көрсетілген қойма паспорты;
Тармақша 3
3) тексерулер нәтижелері мен анықталған ақаулар енгізілетін қарап-тексеру журналы;
Тармақша 4
4) ЖЖМ сақтау, өрт қауіпсіздігі шаралары, авария кезіндегі іс-әрекеттер жөніндегі нұсқаулықтар;
Тармақша 5
5) эвакуация жоспары және инвентарьмен жабдықтау кестесі;
Тармақша 6
6) сақталатын техникалық құралдардың есеп карточкалары;
Тармақша 7
7) ЖЖМ-нің есебі мен қозғалысы журналы.
Тармақ 126
126. Желдету және үй-жайлардың жай-күйі ай сайын, қоймалар конструкцияларының техникалық қарап-тексеруі жылына бір рет бақыланады.
Қарап-тексеру барысында зақымданулар жойылады, шатырдың, есіктердің бүтіндігі, түйіспелердің тығыздығы қамтамасыз етіледі.
Найзағай, нөсер немесе қатты желден кейін кезектен тыс қарап-тексеру жүргізіледі.
Тармақ 127
127. Қысқы кезеңге желдету тесіктері, фрамугалар мен люктер қалқандармен жабылады немесе жылыланады, бұл ретте қысқа мерзімді желдету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Көктемде және күзде үй-жайлар ылғалдың алдын алу үшін тек құрғақ ауа райында желдетіледі.
Тармақ 128
128. Қоймаларды пайдалануға жауапты тұлғалар бөлім командирінің бұйрығымен тағайындалады. Олар ыдыс мен жабдықтың жай-күйін күнделікті қарап-тексереді, ағуларды уақтылы жоюды, прокладкаларды ауыстыруды және бөшкелерді тығыздауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 129
129. Шатырлар атмосфералық жауын-шашыннан қорғауды қажет етпейтін бос ыдыс мен техникалық құралдарды сақтауға арналған.
Шатырлардың конструкциялары жанбайтын материалдардан орындалады, ашық жағы басым желдер бағытына қарама-қарсы бағытқа қаратылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Қызметтік үй-жай
4-параграф. Қызметтік үй-жай
Тармақ 130
130. Әскери ЖЖМ қоймасындағы қызметтік үй-жай қойма аумағына кіреберісте орналасады және мыналарға арналған:
Тармақша 1
1) ЖЖМ бойынша кіріс-шығыс құжаттарын рәсімдеу;
Тармақша 2
2) жедел және есептік құжаттаманы жүргізу;
Тармақша 3
3) жылжымалы зертхана мен бақылау-өлшеу жабдығын орналастыру;
Тармақша 4
4) жеке қорғаныс құралдары мен өртке қарсы инвентарьді сақтау.
Тармақ 131
131. Қызметтік үй-жайда мыналар жабдықталады:
Тармақша 1
1) қойма бастығының жұмыс орны (үстел, орындық, құжаттарға арналған шкаф);
Тармақша 2
2) отқа төзімді металл сейфі бар құжаттаманы сақтау аймағы;
Тармақша 3
3) арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарына арналған шкаф;
Тармақша 4
4) өртке қарсы жабдыққа арналған шкаф немесе стенд;
Тармақша 5
5) су құбыры тартылған қолжуғыш, сабын, сүлгі;
Тармақша 6
6) алғашқы медициналық көмек аптечкасы;
Тармақша 7
7) жарылыс қауіпсіз орындаудағы жылыту, желдету және жарықтандыру.
Тармақ 132
132. Қызметтік үй-жайдың ішкі қабырғасында ақпараттық стенд (құжаттар тақтасы) рәсімделеді, онда тұрақты орналасады:
Тармақша 1
1) қойма жоспарының схемасы және өрт өткелдерінің белгіленуі;
Тармақша 2
2) қойма бастығы мен жанармай құюшы жүргізушінің лауазымдық міндеттері;
Тармақша 3
3) ЖЖМ-мен жұмыс істеу кезінде еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық;
Тармақша 4
4) өрт қауіпсіздігі ережелері және өрт шыққан кездегі іс-әрекеттер;
Тармақша 5
5) толтырылған кіріс-шығыс құжаттарының үлгілері;
Тармақша 6
6) резервуарларды тазалау және өлшеу құралдарын тексеру кестелері;
Тармақша 7
7) «мұнай өнімдерінің сақтау мерзімдері және сапасын бақылау мерзімділігі» кестелері;
Тармақша 8
8) төтенше қызметтер мен жауапты тұлғалардың телефон нөмірлері.
Тармақ 133
133. Қызметтік үй-жайда мына құжаттар жүргізіледі:
Тармақша 1
1) лауазымды тұлғалардың қойманы қарап-тексеру журналы;
Тармақша 2
2) қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар журналы;
Тармақша 3
3) резервуарларды тазалау актілерін тіркеу журналы;
Тармақша 4
4) арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) беру есебі журналы;
Тармақша 5
5) ауысымды қабылдау және тапсыру журналы;
Тармақша 6
6) ЖЖМ есебі кітабы және кіріс-шығыс құжаттарын тіркеу журналы.
Тармақ 134
134. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қойма аумағына кіреберісте, қызметтік үй-жайдың жанында орнатылады:
Тармақша 1
1) өрт сөндіргіштермен, күректермен, ломмен, шоқпармен және шелектермен жабдықталған ӨҚ-А типті өрт қалқаны;
Тармақша 2
2) көлемі кемінде 0,5 м³ құм салынған жәшік;
Тармақша 3
3) өрт су көзінің көрсеткіші және өрт автомобильдерінің кіру схемасы.
Тарау 15. 15-тарау. ЖЖМ сақтау. Ыдысқа таңба салу тәртібі
15-тарау. ЖЖМ сақтау. Ыдысқа таңба салу тәртібі
Тармақ 135
135. ЖЖМ сақтау металл, резиноматалы резервуарларда және бүтін ыдыста (бөшкелер, канистрлер, бидондар, контейнерлер) жүзеге асырылады. Қауіпсіздік шаралары сақталған жағдайда автомобиль және тіркеме цистерналарда сақтауға жол беріледі.
Тармақ 136
136. Қоймалар болмаған жағдайда қатты жабындысы және қоршауы (биіктігі кемінде 0,5 м) бар ашық алаңдарда уақытша орналастыруға жол беріледі.
Тармақ 137
137. Әр резервуардың және үйіндінің жанында мыналар көрсетілген тақтайшалар орнатылады:
Тармақша 1
1) ЖЖМ сорты және саны;
Тармақша 2
2) түскен күні;
Тармақша 3
3) соңғы талдау күні. Бір резервуарда әртүрлі сорттарды сақтауға жол берілмейді.
Тармақ 138
138. Әр ЖЖМ сорты кемінде екі резервуарда сақталады; бір резервуар тек аралық немесе уақытша қажеттіліктер үшін ғана рұқсат етіледі.
Тармақ 139
139. Резервуарлар мен ыдыс толық толтырылмайды – өнімнің температуралық кеңеюі ескеріле отырып:
Тармақша 1
1) тік резервуарлар – көлемнің 95 %-на дейін;
Тармақша 2
2) көлденең резервуарлар – 15–20 см толтырмай;
Тармақша 3
3) бөшкелер – 5–7 см;
Тармақша 4
4) канистрлер – 2–3 см.
Тармақ 140
140. ЖЖМ деңгейінің бақылау өлшеулері мынадай мерзімде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) күнделікті – сыйымдылығы 50 м³-тан асатын резервуарларда;
Тармақша 2
2) айына кемінде екі рет – сыйымдылығы 50 м³-қа дейінгі резервуарларда;
Тармақша 3
3) әр құю/төгу операциясына дейін және кейін;
Тармақша 4
4) ағу күдігі болғанда – тәулігіне екі рет.
Тармақ 141
141. Сақтау тек бүтін, тығыз ыдысқа ғана рұқсат етіледі. Барлық сыйымдылықтар пломбыланады немесе мөрленеді.
Тармақ 142
142. Ыдыстың әр бірлігіне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес МЕМСТ 1510-84 және МЕМСТ 19433-88 сәйкес маркировка салынады:
Тармақша 1
1) ЖЖМ сорты және маркасы;
Тармақша 2
2) нетто және ыдыс массасы;
Тармақша 3
3) қауіптілік белгісі (тез тұтанатын сұйықтықтар үшін – қызыл фонда жалын, қауіптілік класы 3).
Тармақ 143
143. Автоцистерналар мен жанармай құю машиналарында сәйкестендіру белгілері орналастырылады:
Тармақша 1
1) алдында және артта – 690×300 мм өлшемді тіктөртбұрыш, оң жағы қызғылт сары түсті, КЭМ коды және ООН нөмірі бар (мысалы, 1203 – автомобиль бензині);
Тармақша 2
2) сол жағы – ақ түсті, қызыл шаршысы бар (ТТС белгісі).
Тарау 16. 16-тарау. ЖЖМ қабылдау, сақтау және беру кезіндегі көлемін анықтау
16-тарау. ЖЖМ қабылдау, сақтау және беру кезіндегі көлемін анықтау
Тармақ 144
144. Жанар-жағармай материалдарының саны сыйымдылық түріне және сақтау тәсіліне байланысты анықталады:
Тармақша 1
1) теміржол цистерналарында және құю кемелерінде қабылдау және тиеу кезінде – деңгейді өлшеу және калибрлеу кестелері бойынша қайта есептеу немесе тексерілген есептегіштер арқылы;
Тармақша 2
2) автоцистерналарда қабылдау және беру кезінде – есептегіштер немесе тарирлеу белгісі бойынша;
Тармақша 3
3) ыдыста сақтау және беру кезінде – таразыда өлшеу арқылы;
Тармақша 4
4) резервуарларда сақтау кезінде – деңгейді өлшеу және кестелер бойынша қайта есептеу арқылы;
Тармақша 5
5) техниканы жанармай құю кезінде – жанармай құю колонкалары мен есептегіштердің көрсеткіштері бойынша.
Тармақ 145
145. Әр резервуарға калибрлеу кестесі жасалады және бекітіледі. Деңгей биіктігі қарама-қарсы нүктелерде кемінде екі рет, дәлдігі 1 мм-ге дейін өлшенеді. Өлшеулер арасындағы айырма 1 мм-ден аспауға тиіс.
Тармақ 146
146. ЖЖМ-нің тығыздығы мен температурасы МЕМСТ 2517-2012 «Мұнай және мұнай өнімдері. Сынама алу әдістері» сәйкес орташа сынама бойынша анықталады.
Тармақ 147
147. ЖЖМ массасы кесте бойынша көлемді нақты температурадағы тығыздыққа көбейту арқылы есептеледі. Рұқсат етілетін ауытқу:
Тармақша 1
1) тік резервуарлар үшін ±0,2 %;
Тармақша 2
2) көлденең резервуарлар үшін ±1,0 %. Өлшеулер тек метрологиялық тексеруден өткен, таңбасы бар аспаптармен ғана жүргізіледі.
Тарау 17. 17-тарау. Жұмсалған ЖЖМ және майларды жинау және сақтау
17-тарау. Жұмсалған ЖЖМ және майларды жинау және сақтау
Тармақ 148
148. Жұмсалған мұнай өнімдері (ЖМӨ) топтар бойынша бөлек жиналады:
Тармақша 1
1) жұмсалған мотор майлары (әрі қарай – ЖММ) – регенерациялауға немесе қайта өңдеуге жататындар;
Тармақша 2
2) жұмсалған индустриялық майлар (әрі қарай – ЖИМ) – гидравликалық, компрессорлық, турбиналық және басқалар;
Тармақша 3
3) жұмсалған мұнай өнімдерінің қоспалары (әрі қарай – ЖМӨҚ) – жуу сұйықтықтары, тазалау қалдықтары және басқалар.
Тармақ 149
149. Жұмсалған мұнай өнімдерін мұнайдан тыс шығу тегі бар өнімдермен араластыруға жол берілмейді.
Тармақ 150
150. Жинау маркалары мен түрлері бойынша бөлек жүргізіледі. Жұмсалған майларды төгу қозғалтқыштарға, трансмиссияларға және механизмдерге техникалық қызмет көрсету кезінде, сондай-ақ жөндеу және резервуарларды тазалау кезінде орындалады.
Тармақ 151
151. Жұмсалған сұйықтықтарды ашық аспан астында жаңбыр немесе қар кезінде төгуге жол берілмейді. Мәжбүрлі жағдайларда ластануды және судың түсуін болдырмау шаралары қабылданады.
Тармақ 152
152. Қоймаларда 5–25 м³ сыйымдылықтағы, су мен шөгіндіні шығару құрылғыларымен жабдықталған ЖМӨ жинау пункттері жабдықталады. Тұнған су кәдеге жарату алдында экологиялық талаптарға сәйкес тазартылады.
Жабдық және инвентарь мұнай өнімдері топтары бойынша белгіленген түске боялады.
Жұмсалған мұнай өнімдерін мұнай базаларына тасымалдау тек бүтін автоцистерналармен, тығыз жабылатын қақпақтары және пломбалары бар жүзеге асырылады. Жұмсалған мұнай өнімдерін төгу немесе өртеу, сондай-ақ оларды топыраққа немесе су айдындарына лақтыруға жол берілмейді.
Тарау 18. 18-тарау. Қойманы жазғы және қысқы жағдайларда жұмыс істеуге дайындау
18-тарау. Қойманы жазғы және қысқы жағдайларда жұмыс істеуге дайындау
Тармақ 153
153. Қоймада жылына екі рет жоспарлы маусымдық жұмыстар жүргізіледі:
Тармақша 1
1) жазғы кезең басталмас бұрын;
Тармақша 2
2) қысқы кезең басталмас бұрын.
Барлық іс-шаралар бөлім командирі бекіткен кесте бойынша орындалады.
Жазғы кезең:
Тармақша 1
1) резервуарлар мен қоймалардан еріген және жаңбыр суларын бұруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) су бұру арналары мен кюветтерді тазалау;
Тармақша 3
3) су басу қаупі бар учаскелерден ЖЖМ мен техниканы басқа жерге көшіру;
Тармақша 4
4) салқындатқыш сұйықтықтарды және пайдаланылған қысқы майларды қабылдап, сақтауға алу және жоюға дайындау;
Тармақша 5
5) жазғы маркалы ЖЖМ мен арнайы сұйықтықтарды алып, бөлімшелерге беру;
Тармақша 6
6) жабдықтарды, қоймаларды және коммуникацияларды жөндеу және консервациялау;
Тармақша 7
7) құбырлардың, арматураның және жерлендірудің ақаусыздығын тексеру;
Тармақша 8
8) өртке қарсы жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, өрт сөндіргіштерді, су қоймаларын, құмды тексеру;
Тармақша 9
9) найзағайдан қорғау және жерлендіру контурларын тексеру;
Тармақша 10
10) аумақта және кіреберіс жолдарда тәртіп орнату, қоқысты және құрғақ өсімдіктерді жинау;
Тармақша 11
11) жанар-жағармай құю пунктіндегі резервуарларды тазалау.
Қысқы кезең:
Тармақша 1
1) жаңбыр суларын дер кезінде бұруды және қардан тазалауды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) жолдарды тазалауға арналған құрал-саймандарды дайындау;
Тармақша 3
3) қысқы маркалы ЖЖМ, майлар және сұйықтықтарды алып, бөлімшелерге беру;
Тармақша 4
4) резервуарлардың, қоймалардың, құбырлардың тығыздығын және жылу оқшаулауын тексеру;
Тармақша 5
5) жылу беру және сумен жабдықтау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету;
Тармақша 6
6) өрт гидранттары мен су қоймаларын жылу оқшаулау;
Тармақша 7
7) өрт сөндіргіштерді тексеру және қайта зарядтау, өртке қарсы құрал-саймандарды жылу оқшаулау;
Тармақша 8
8) аумақты қоқыстан тазалау;
Тармақша 9
9) резервуарларды тазалап, қысқы пайдалануға дайындау.
Іс-шаралар аяқталғаннан кейін қойманың пайдалануға дайындығын тексеру актісі жасалады, оны бөлім командирі бекітеді.
Тарау 19. 19-тарау. Стационарлық жанар-жағармай құю пункттерін техникалық пайдалану
19-тарау. Стационарлық жанар-жағармай құю пункттерін техникалық пайдалану
Тармақ 154
154. Жанар-жағармай құю пункттері мынадай түрлерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) стационарлық – әскери бөлімнің техника парктерінде тұрақты жұмыс істейтін;
Тармақша 2
2) далалық – оқу-жаттығулар мен далалық шығулар аудандарында уақытша орналастырылатын.
Тармақ 155
155. Жанар-жағармай құю пункттерінің саны техника бірліктерінің санымен және отын шығынының көлемімен айқындалады.
Тармақ 156
156. Стационарлық пункт мыналармен жабдықталады:
Тармақша 1
1) ЖЖМ құятын резервуарлармен;
Тармақша 2
2) жанармай және май құю колонкаларымен;
Тармақша 3
3) өлшеу-таразылау жабдығымен (таразылар, өлшеуіштер, тығыздық өлшегіштер);
Тармақша 4
4) өртке қарсы қалқанмен, құммен, «Өрт қауіпті», «Шекпеуге тыйым салынады» деген жазуы бар көрсеткіштермен;
Тармақша 5
5) үстел, шкаф, қол жуғыш, дәрі қобдишасы және құжаттама орналастырылған қызметтік үй-жаймен.
Тармақ 157
157. Дөңгелекті және шынжыр табанды техникаға бөлек алаңдар немесе аймақтары бөлінген ортақ пункт жасауға жол беріледі.
Тармақ 158
158. Қойма бастығы және жүргізуші-құюшы материалдық жауапты тұлғалар болып табылады. Олармен материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.
Тармақ 159
159. Жеке құрам арнайы киіммен, аяқ киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 160
160. Әр жанар-жағармай құю пунктінде мынадай құжаттама жүргізіледі:
Тармақша 1
1) технологиялық және электр схемасы бар пункт паспорты;
Тармақша 2
2) резервуарлар мен колонкалардың паспорттары;
Тармақша 3
3) пайдалану, техника және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар;
Тармақша 4
4) өлшем құралдарын тексерудің калибрлеу кестелері мен кестелері;
Тармақша 5
5) жанармай есебі, жөндеу, қарап-тексеру және мүкәммал журналдары.
Өлшем құралдарымен жабдықтау, техникалық қызмет көрсету және тексеру Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына және МЕМСТ 8.586.5-2005 стандартына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 1. 1-параграф. Жанар-жағармай құю пунктінің аумағы
1-параграф. Жанар-жағармай құю пунктінің аумағы
161.Жанар-жағармай құю пунктінің аумағы жол белгілерімен жабдықталады:
Тармақша 1
1) жылдамдықты шектеу;
Тармақша 2
2) «Жолаушыларды міндетті түрде түсіру»;
Тармақша 3
3) «Шекпеуге тыйым салынады», «Ашық от жағуға тыйым салынады».
Кіреберісте қозғалыс схемалары, өрт су қоймалары мен құдықтардың көрсеткіштері орналастырылады. Аумақ ойық-шұңқырсыз қатты жабындыға ие болуға, техниканың еркін өтуін қамтамасыз етуге және ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 «табиғи және жасанды жарықтандыру» нормаларына сәйкес сыртқы жарықтандырылуы тиіс.
Пункт телефон байланысымен және дауыс зорайтқыш байланыспен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Құю пунктін пайдалану
2-параграф. Құю пунктін пайдалану
Тармақ 162
162. Барлық жабдық зауыт-өндірушінің техникалық шарттарына сәйкес пайдаланылады.
Тармақ 163
163. Жөндеу және техникалық қызмет көрсету бекітілген кестелер бойынша жүргізіледі, журналдарға міндетті түрде жазба енгізіледі.
Тармақ 164
164. Жөндеуден кейін колонкалар метрологиялық қызметтің тексерушісімен тексеріліп, пломбаланады.
Тармақ 165
165. Пломба бұзылған жағдайда колонка қайталап тексерілгеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі. Жөндеу кезеңінде колонкада «Жұмыс істемейді» деген жазуы бар тақта ілінеді.
Тармақ 166
166. Әр колонкада нөмірі және жанармай маркасы көрсетіледі.
Тармақ 167
167. Резервуарлар МЕМСТ 1510-84 және ЕЖ 156.13130.2020 талаптарына сәйкес пайдаланылады. Жүргізілетін жұмыстар:
Тармақша 1
1) тексеру – апта сайын;
Тармақша 2
2) ағымдағы жөндеу – әр 6 ай сайын кемінде 1 рет;
Тармақша 3
3) орташа жөндеу – 2 жылда 1 рет;
Тармақша 4
4) күрделі жөндеу – қажеттілікке қарай.
Тармақ 168
168. Резервуарларды тазалау екі жылда кемінде бір рет немесе жанармай маркасы ауысқан кезде жүргізіледі. Жұмыстар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 342 бұйрығымен бекітілген Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10256 болып тіркелді) сәйкес орындалады және тазалау актісімен ресімделеді.
Тармақ 169
169. Үйлерді жылыту тек қуаты 18 кВт-қа дейінгі сертификатталған электр жылытқыштарымен жүргізіледі.
Жерлендіру және найзағайдан қорғау жылына кемінде 1 рет тексеріледі.
Тармақ 170
170. Жарамсыз болған жабдық, құрал-саймандар мен инвентарь актімен есептен шығарылып, аумақтан шығарылады.
Тармақ 171
171. Құю пунктінің қауіпсіз пайдалануына жауапты – ЖЖМ қоймасының бастығы; бақылау – ЖЖМ қызметінің бастығы және бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары.
Тарау 20. 20-тарау. ЖЖМ және техникалық құралдарды сақтау
20-тарау. ЖЖМ және техникалық құралдарды сақтау
Тармақ 172
172. ЖЖМ, майлар және арнайы сұйықтықтар булану, ағу, ластану, сулану немесе маркалардың араласуын болдырмайтындай тәртіппен сақталады.
Тармақ 173
173. Әр резервуарда және ыдыс тобының жанында мына мәліметтері бар тақтайша ілінеді:
– өнімнің атауы;
– көлемі;
– түскен күні және соңғы талдау күні.
Барлық қақпақтар мен тығындар пломбамен бекітіліп, тығыз жабылады. Ағаш тығындарды қолдануға болмайды.
Тармақ 174
174. ЖЖМ мен майлар салынған ыдыс маркалары бойынша, тығындары жоғары қаратып, таңбалары бір жаққа бағытталып сақталады. Бөшкелер былайша орналастырылады:
– қоймаларда: бензин үшін – 1 қатар, майлар үшін – 2 қатарға дейін;
– қалыңдығы 10 см кем емес төсемдерге, қатарлар арасына төсем қойып;
– стеллаждарда – 3 қатардан аспайтын етіп.
Қатарлар арасындағы өтпе жол – кемінде 1 м.
Ашық алаңда сақтау уақытша түрде ғана рұқсат етіледі. Алаң құрғақ, таза және су ағатын кюветтері болуы тиіс. Қажет болғанда брезентпен немесе уақытша баспанамен жабылады.
Тармақ 175
175. Техникалық құралдар (воронкалар, шелектер, сорғылар және басқалары) бөлек стеллаждарда сақталады. Сақтауға дейін кірден, өнім қалдықтарынан және тоттан тазартылады.
Тармақ 176
176. ЖЖМ қорлары түрлері бойынша бөлінеді:
– ағымдағы;
– қол сұғылмайтын.
Техникалық құралдар жанармай мен майлардан бөлек сақталады.
Тармақ 177
177. Улы техникалық сұйықтықтар (антифриздер, тежеу және гидравликалық сұйықтықтар) тек құлыпталатын немесе қоршалған, күзеті бар орындарда сақталады.
Резервуарлар мен ыдыс герметикалық және пломбалы болуы тиіс.
Өндірістік әрі тұрмыстық үй-жайларда улы сұйықтықтарды сақтауға болмайды.
Тармақ 178
178. Пайдаланылған сұйықтықтар да жаңа өнімдер сияқты жеке резервуарларда немесе бөшкелерде сақталады.
Тармақ 179
179. Барлық ыдыс және жабдық белгілі бір ЖЖМ түрі үшін белгіленген түске боялады. Зақымданған жерлер мерзім-мерзіммен қайта боялады.
Тығындарды ашу үшін арнайы кілттер қолданылады. Булар қауіпсіз шығу үшін тығын баяу ашылады.
Тармақ 180
180. Бос ыдыс бөлек, тығындары төмен қаратып сақталады, өнім атауы мен саны көрсетілген тақтайшамен белгіленеді.
Улы сұйықтық сақталған ыдыс пломбамен және күзетпен қамтамасыз етіледі.
Жұмыс соңында резервуарлар, қоймалар және құю пункттері пломбаланып, қарауыл күзетіне тапсырылады.
Тарау 21. 21 тарау. Техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау
21 тарау. Техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау
Тармақ 181
181. ЖЖМ-нің ерекшеліктері: жарылғыш және өрт қауіптілігі, статикалық электр зарядын жинау, тез булану, сондай-ақ адам ағзасына зиянды әсер етуі. Ең улы өнімдерге этилденген бензиндер және улы техникалық сұйықтықтар (этиленгликоль, антифриз, тежеу сұйықтығы, дихлорэтан және басқалар) жатады.
Тармақ 182
182. ЖЖМ-мен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау ерекше маңызды. Бұл ережелерді білу және дәл орындау апаттардың, өрттердің, жарақаттардың алдын алуға, жеке құрамның денсаулығы мен өмірін сақтауға, сондай-ақ ЖЖМ мен техникалық құралдарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
ЖЖМ-мен жұмыс істейтін барлық адамдар техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан өтеді, қажет болған жағдайда арнайы оқытылады.
Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықты – ЖЖМ қызметінің бастығы, өрт қауіпсіздігі бойынша – әскери бөлімнің өрт қызметі (өрт командасы) бастығы жүргізеді.
Тармақ 1. 1-параграф. Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері
1-параграф. Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері
Тармақ 183
183. ЖҚБ аумағында тыйым салынады:
Тармақша 1
1) жоғары тұрған бастықпен келісілмеген, мұнай өнімдерін қабылдау және босатуға қатысы жоқ жұмыстарды орындауға;
Тармақша 2
2) шылым шегуге және ашық от қолдануға;
Тармақша 3
3) қолды, киімді және еденді жеңіл тұтанғыш сұйықтықтармен жууға;
Тармақша 4
4) құю немесе төгу процесіне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына;
Тармақша 5
5) жолаушылар отырған автомобильдерді жанармай құюға.
Тармақ 184
184. ЖЖМ-ді құю және төгу кезінде қоймада келесі сақтық шаралары орындалады:
Тармақша 1
1) құю (төгер) алдында тасымалдағыш сорғы қондырғылар және автоцистерналар жерге қосылады;
Тармақша 2
2) өнім резервуарға еркін құлама ағыспен емес, өнім қабатының астына жіберіледі;
Тармақша 3
3) толтырылатын резервуарлардағы (автоцистернадағы) деңгей тұрақты бақыланады;
Тармақша 4
4) ЖЖМ өтетін рукавтар қадағаланады, олардың жерлендірілгеніне ерекше назар аударылады;
Тармақша 5
5) ағу байқалған жағдайда құю дереу тоқтатылып, ақау жойылады.
Тармақ 185
185. ЖЖМ буының жарылыс қауіпті концентрациясы пайда болуы мүмкін қоймалар мен басқа да үй-жайлар жұмыстың алдында желдетіледі. Қажет болғанда жарықтандыру жарылыстан қорғалған шамдармен жүргізіледі.
Тармақ 186
186. Люк қақпақтарын және ыдыс тығындарын ұру кезінде ұшқын шығармайтын құралмен ашу қажет. Резервуарға (ыдыс) құлап түсіп, ұшқын шығаруы мүмкін кілттерді, болттарды, гайкаларды және басқа заттарды қалдыруға болмайды.
ЖЖМ деңгейін өлшеу кезінде метрштоктың (лоттың) люк қабырғасына соғуына жол берілмейді.
Жеңіл буланатын ЖЖМ бар резервуардың люгін ашқанда желдің қарсы бетіне тұру қажет.
Тармақ 187
187. Улы техникалық сұйықтықтармен жұмыс істеу кезінде сақтық шаралары қатаң сақталады.
Тармақ 2. 2-параграф. Өртке қарсы іс-шаралар
2-параграф. Өртке қарсы іс-шаралар
Тармақ 188
188. ЖЖМ – жарылғыш және өрт қауіпті заттар. Олар статикалық заряд жинайды, тез буланады және булары уытты. Әсіресе этилденген бензиндер мен улы техникалық сұйықтықтар (антифриздер, тежеу сұйықтықтары, дихлорэтан және т.б.) қауіпті.
Тармақ 189
189. ЖЖМ-мен жұмыс істейтін әр адам техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан өтеді. Нұсқаулық ГСМ қызметінің бастығы және өртке қарсы қызмет бастығымен жүргізіледі, журналда белгі жасалады.
Тармақ 3. 3-параграф. Қауіпсіздіктің негізгі ережелері
3-параграф. Қауіпсіздіктің негізгі ережелері
Тармақ 190
190. Қойма және құю пункті аумағында тыйым салынады:
Тармақша 1
1) шылым шегуге және ашық от қолдануға;
Тармақша 2
2) келісілмеген жұмыстарды орындауға;
Тармақша 3
3) қолды және киімді ЖЖМ-мен жууға;
Тармақша 4
4) жолаушылар отырған автомобильдерді жанармай құюға;
Тармақша 5
5) ақаулы жабдықты қолдануға.
Тармақ 191
191. ЖЖМ құю және төгу кезінде:
Тармақша 1
1) барлық авто және жылжымалы жабдықтар міндетті түрде жерге қосылады;
Тармақша 2
2) құю өнім қабатының астына жүргізіледі, еркін құлаған ағысқа жол берілмейді;
Тармақша 3
3) деңгей тұрақты бақыланады;
Тармақша 4
4) ағып кету байқалса, операциялар дереу тоқтатылады.
Тармақ 192
192. Бу жиналуы мүмкін үй-жайлар желдетіледі. Жарықтандыру тек жарылыстан қорғалған шамдармен.
Тармақ 193
193. Металл тығындар ұшқын шығармайтын құралмен ашылады. Өлшеу жұмыстары люк қабырғаларына соққы жасамай жүргізіледі.
Тармақ 194
194. Улы және этилденген сұйықтықтармен жұмыс істеу:
Тармақша 1
1) желдетілетін үй-жайда немесе ашық ауада;
Тармақша 2
2) арнайы киім, қолғап, фартук, етікпен;
Тармақша 3
3) міндетті түрде бейтараптандырғыш заттардың (керосин, хлорлы әк) болуымен.
Сұйықтықты ауызбен соруға, тұрмыстық мақсатта қолдануға немесе орынсыз жерде сақтауға болмайды.
Тармақ 195
195. Резервуарлар мен цистерналарды тазалау тек механикаландырылған тәсілмен, ЖЖМ қызметінің бастығының басшылығымен жүргізіледі. Жұмысшылар шлангалы противогаз, сақтандыру белбеуі және қауіпсіздік арқандарын қолданады.
Тармақ 4. 4-параграф. Өртке қарсы талаптар
4-параграф. Өртке қарсы талаптар
Тармақ 196
196. ЖЖМ қоймалары келесі өртке қарсы арақашықтықтарды сақтай отырып орналастырылады:
– тұрғын және өндірістік ғимараттардан кемінде 100 м;
– пешпен жылытылатын объектілерден кемінде 60 м.
Резервуарлар обваловкамен қоршалған топтарға біріктіріліп, жерге қосылады.
Тармақ 197
197. Қоймада өрт бөлімі және жауапты тұлғалар жұмыс істейді. Құрамы мен міндеттері ақпараттық стендте көрсетіледі.
Тармақ 198
198. Аумағы қоқыстан, құрғақ шөптен және майланған шүберектен жүйелі түрде тазаланады. Майлы шүберек қақпағы бар металл жәшіктерде сақталып, күн сайын шығарылады.
Тармақ 199
199. Автомобильдер жанармайды қозғалтқышы өшірулі күйде құяды. Машиналар арасындағы арақашықтық – кемінде 5 м. Түтін деңгейін сіріңкемен немесе ашық отпен тексеруге тыйым салынады.
Тармақ 5. 5-параграф. Өрт сөндіру құралдары
5-параграф. Өрт сөндіру құралдары
Тармақ 200
200. Өртті сөндіру үшін қолданылады:
Тармақша 1
1) көбікті өрт сөндіргіштер – ЖЖМ және жанғыш құрылымдар үшін;
Тармақша 2
2) көмірқышқылды өрт сөндіргіштер – электр жабдықтары үшін;
Тармақша 3
3) құм және асбест жамылғылары – жергілікті ошақтар үшін;
Тармақша 4
4) су – тек қатты материалдар үшін, жанармай үшін қолданылмайды.
Тармақ 201
201. Жабдықталу нормалары:
Тармақша 1
1) резервуарлар тобына – 2 өрт сөндіргіш;
Тармақша 2
2) әр колонкаға – 1 өрт сөндіргіш және 1 құм жәшігі;
Тармақша 3
3) қойманың әр 100 м² үшін – 2 өрт сөндіргіш;
Тармақша 4
4) әр үй-жайда – асбест жамылғысы.
Өрт сөндіргіштер жылына кемінде 1 рет тексеріліп, қайта зарядталады.
Басқа 1. № ______
ЖЖМ және материалдық құралдардың бар болуы мен қозғалысын есепке алу
КІТАБЫ
Азаматтық қорғаныс әскери
бөлімдерінде жанар-жағармай
материалдары қызметінің жұмысын
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларына
1-қосымша
№ ______
ЖЖМ және материалдық құралдардың бар болуы мен қозғалысын есепке алу
КІТАБЫ
__________________________________
қызмет (басқару органы)
әскери бөлімі (әскери бөлім, қойма, база)
Басталды 20___ ж «_____»____________
Аяқталды 20___ ж. «_____»____________
Мазмұны:
Материалдық құралдардың атауы (түг., №)
Кітап парағы
Материалдық құралдардың атауы
(түг., №)
Кітап парағы
Наимено-вание материальных средств
(инв, № )
Кітап парағы
бастапқы
келесі
бастапқы
келесі
бастапқы
келесі
Материалдық құралдардың атауы _____________________________
Жазба күні
Құжат атауы
Құжат №
құжат күні
Жеткізуші (алушы)
Келді
Кетті
Есепте бар
1
2
3
4
5
6
7
8
Номенклатура коды ______________ Өлшеу бірлігі __________________
Оның ішінде қоймада, бөлімшеде
қоймада
Бөлімшеде, ә/б
келді
кетті
Есепте бар
9
10
11
12
13
14
15
16
17
Материалдық құралдардың атауы __________________________
Нормативті қор: минималды ______________________________
максималды _________________________
Жазба күні
Құжат атауы
Құжат №
құжат күні
Жеткізуші (алушы)
Келді
Кетті
Бар
барлығы
Оның ішінде
I
II
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Номенклатура коды ___________________
Өлшем бірлігі __________________
Оның ішінде қоймада, бөлімшеде
Санаты бойынша
қоймада
бөлімшеде
III
IV
V
Барлығы
Оның ішінде санат бойынша
А
Б
I
II
III
IV
V
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
Басқа 2. АКТ
_____ әскери бөлімнің ЖЖМ қоймасындағы қалдықтарды түсіру туралы
Азаматтық қорғаныс әскери
бөлімдерінде жанар-жағармай
материалдары қызметінің жұмысын
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларына
2-қосымша
АКТ
_____ әскери бөлімнің ЖЖМ қоймасындағы қалдықтарды түсіру туралы
20___ж.___ ________ күнге
р/н №
Материалдық құралдардың атауы
Өлшем бірл.
Бірлік құны
Нақты бары
Есепте
Жетіспейді
Артық
саны
соммасы
Саны
соммасы
Көлемі
сумма
Норма бойынша
Нормадан артық
Норма бойынша
Нормадан артық
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Қосымша:
1. Резервуарлардағы ЖЖМ өлшеу ведомосі, ___ парақта
2. Ыдыстағы мұнай өнімдерін өлшеп-таразылау ведомостері, ___ парақта
3. Салқындату сұйықтығын өлшеу ведомосі, ___ парақта
4. Машиналар бактарындағы ЖЖМ өлшеу ведомостері, ___ парақта
5. Табиғи кему сомасын есептеу және негіздеу, ___ парақта
Комиссия қортындысы:
1. Өлшемдердің рұқсат етілген қателігінен тыс анықталған артықшылықты қабылдап, кіріске алу (есепке алу)________________________.
2. Есепке сәйкес табиғи кемуді есептен шығару: автобензин ____ –______ литр (кг), дизель отыны ____ – ________ литр (кг) және басқаларын.
3. Тапшылық пен жоғалтуларды есепке алу кітабына енгізіп, тапшылықты есептен шығару ____________.
4. Қалған артықшылықтар мен тапшылықтар өлшемдердің рұқсат етілген қателігі шегінде болғандықтан, есепке алу кітаптарына көрсетілмейді.
Ревизор _______________________________
Комиссия төрағасы _____________________
Комиссия мүшелері: _______________________
Материалдық құралдар толық ұсынылған, басқа сақтау орындары жоқ. Құжатсыз басқа әскери бөлімдерге, ұйымдарға сақтауға берілмеген, олардан сақтауға қабылданбаған. Барлық кіріс-шығыс құжаттары есепке алу кітаптары бойынша өткізілген және қызметтің іс жүргізу бөліміне тапсырылған. Өлшемдер менің қатысуыммен жүргізілді, нәтижелерімен келісемін.
Материалдық құралдарды сақтауға жауапты тұлға:
_______________________________________________________________
Басқа 2.1. ______әскери бөлімнің ЖЖМ қоймасында қалдықтарды түсіру
кезінде ЖЖМ мөлшерін өлшеу
ВЕДОМОСІ
Қоймадан қалдықты шешу актісіне
1-қосымша
______әскери бөлімнің ЖЖМ қоймасында қалдықтарды түсіру
кезінде ЖЖМ мөлшерін өлшеу
ВЕДОМОСІ
20___ж. ___ _______ күнге
№
р/н
Азық-түлік атауы
Резервуар түрі
Резервуар №
Құю биіктігі (мм)
Тығыздығы (г/см)
Азық-түлік көлемі (литр)
Азық-түлік массасы (кг)
барлығы
су
Азық-түлік
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
2
Ревизор _______________________________
Комиссия төрағасы ___________________
Комиссия мүшелері:___________________
______________________________________
Материалдық құралдар толық ұсынылған, басқа сақтау орындары жоқ. Құжатсыз басқа әскери бөлімдерге, ұйымдарға сақтауға берілмеген, олардан сақтауға қабылданбаған. Барлық кіріс-шығыс құжаттары есепке алу кітаптары бойынша өткізілген және қызметтің іс жүргізу бөліміне тапсырылған. Өлшемдер менің қатысуыммен жүргізілді, нәтижелерімен келісемін.
Материалдық құралдарды сақтауға жауапты тұлға:
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Басқа 2.2. ______ әскери бөлімнің ЖЖМ қоймасында ыдыстағы
мұнай өнімдерін өлшеп-таразылау
ВЕДОМОСІ
Қоймадан қалдықты
шешу актісіне
2-қосымша
______ әскери бөлімнің ЖЖМ қоймасында ыдыстағы
мұнай өнімдерін өлшеп-таразылау
ВЕДОМОСІ
20____ж.___ _______ күнге
№ р/н
Материалдық құралдар атауы
Өлшем бірл.
Ыдыс түрі
Ыдыс саны
брутто
ыдыс
нетто
Ескерту
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
2
3
4
5
Ревизор ____________________________
Комиссия төрағасы __________________
Комиссия мүшелері:_________________
___________________________________
Материалдық құралдар толық ұсынылған, басқа сақтау орындары жоқ. Құжатсыз басқа әскери бөлімдерге, ұйымдарға сақтауға берілмеген, олардан сақтауға қабылданбаған. Барлық кіріс-шығыс құжаттары есепке алу кітаптары бойынша өткізілген және қызметтің іс жүргізу бөліміне тапсырылған. Өлшемдер менің қатысуыммен жүргізілді, нәтижелерімен келісемін.
Материалдық құралдарды сақтауға жауапты тұлға:
____________________________________________________________________
Басқа 2.3. 20__ ж. «_» _______ жағдай бойынша техникалық бөлім техникасының
салқындату жүйелеріндегі салқындату сұйықтығының мөлшерін өлшеу
ВЕДОМОСІ
Қоймадан қалдықты шешу актісіне
3-қосымша
20__ ж. «_» _______ жағдай бойынша техникалық бөлім техникасының
салқындату жүйелеріндегі салқындату сұйықтығының мөлшерін өлшеу
ВЕДОМОСІ
№ р/н
Машина маркасы мен нөмірі
% этиленгликольдың құрамы
температура
Суыту сұйықтығының көлемі
Сұйықтықтың (нақты) массасы (кг)
көрінетін
нақты
көрінетін
нақты
1
2
3
4
5
Ревизор ____________________________
Комиссия төрағасы __________________
Комиссия мүшелері:_________________
___________________________________
Материалдық құралдар толық ұсынылған, басқа сақтау орындары жоқ. Құжатсыз басқа әскери бөлімдерге, ұйымдарға сақтауға берілмеген, олардан сақтауға қабылданбаған. Барлық кіріс-шығыс құжаттары есепке алу кітаптары бойынша өткізілген және қызметтің іс жүргізу бөліміне тапсырылған. Өлшемдер менің қатысуыммен жүргізілді, нәтижелерімен келісемін.
Материалдық құралдарды сақтауға жауапты тұлға:
____________________________________________________________________
Басқа 2.4. Техникалық бөлімнің ___ машиналарының бактарындағы ЖЖМ мөлшерін
өлшеу 20 ж. « » __________ жағдайы бойынша
ВЕДОМОСІ
Қоймадан қалдықты шешу актісіне
4-қосымша
Техникалық бөлімнің ___ машиналарының бактарындағы ЖЖМ мөлшерін
өлшеу 20 ж. « » __________ жағдайы бойынша
ВЕДОМОСІ
№р/н
Машина маркасы мен нөмірі
Жол парағының №
Спидометр мен есептеуіш құралының мотосағат көрсеткіші
Тексеру кезіндегі спидометр мен моторсағат есептегішінің көрсеткіші
Соңғы жол парағы бойынша есептелетін ЖЖМ (л.)
Нақты анықталғаны (л.)
Жетіспейді (л.)
Артық (л.)
Соңғы жол парағы бойынша
Машинада
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Ревизор ____________________________
Комиссия төрағасы __________________
Комиссия мүшелері:_________________
___________________________________
Материалдық құралдар толық ұсынылған, басқа сақтау орындары жоқ. Құжатсыз басқа әскери бөлімдерге, ұйымдарға сақтауға берілмеген, олардан сақтауға қабылданбаған. Барлық кіріс-шығыс құжаттары есепке алу кітаптары бойынша өткізілген және қызметтің іс жүргізу бөліміне тапсырылған. Өлшемдер менің қатысуыммен жүргізілді, нәтижелерімен келісемін.
Материалдық құралдарды сақтауға жауапты тұлға:
____________________________________________________________________
Басқа 2.5. ЕСЕП
мұнай өнімдерінің табиғи шығыны бойынша жоғалтуларын есептеу
20____ ж.__________________
Қоймадан қалдықты шешу актісіне
5-қосымша
Бекітемін
_______________
(лауазымы, ә/атағы.,
_______________
қолы, фамилиясы)
20__ж. «___»_______
ЕСЕП
мұнай өнімдерінің табиғи шығыны бойынша жоғалтуларын есептеу
20____ ж.__________________
№ п/п
Мұнай өнімінің атауы
Өнім көлемі
1 тонна өнімге табиғи шығын нормасы, (кг)
Табиғи шығын есептелген, (кг)
Айына қабылданғаны, тоннасы
Бір айдан астам сақталғаны, тонна
ЖЖМ қызметінің бастығы_______________________
Қойма бастығы ____________________________
Басқа 3. 0000 әскери бөлімі
Азаматтық қорғаныс әскери
бөлімдерінде жанар-жағармай
материалдары қызметінің жұмысын
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларына
3-қосымша
0000 әскери бөлімі
№ _____
ЖЖМ қызметінің есеп құжаттарын тіркеу
кітабы
Басталды 20___ж. «_____»____________
Аяқталды 20___ ж. «_____»___________
ҚҰРАМЫ:
№ р/н.
Құжат атауы
Кітап парақтары
бастапқы
келесі
1
ЖЖМ қызметінің есеп кітаптары мен журналдары
1
3
2
Бензин және дизель отыны бойынша БЕВ
5
45
3
Жүкқұжаттар
47
57
4
Агрегаттардың жұмыс парақтары
59
67
5
ЖЖМ есептен шығару актілері
69
79
6
Тексеру актілері
81
83
7
Кіріс-шығыс құжаттарының тізілімдері
85
89
8
Лимиттік карточкалар
91
99
(левая сторона)
Тіркеу №
Тіркеу күні
Құжат атауы
Құжат №
Құжат күні
Дана саны
Жалпы саны
Қандай материалдық құралдарға құжат берілді (түсті)
1
2
3
4
5
6
7
8
(бірінші беті)
Құжат кімнен түсті немесе кімге орындауға берілді
Құжатты орындау мерзі (күні)
Құжатты алғаны туралы қолхат және күні
Орындалған құжатты алғаны туралы қолхат және күні
Орындалған құжаттың орналасқан жері
Іс №
Істе № парақтар саны
9
10
11
12
13
14
Басқа 4. ЖЖМ сақталатын резервуарлар мен ыдыстарды таңбалауға қойылатын талаптар
Азаматтық қорғаныс әскери
бөлімдерінде жанар-жағармай
материалдары қызметінің жұмысын
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларына
4-қосымша
ЖЖМ сақталатын резервуарлар мен ыдыстарды таңбалауға қойылатын талаптар
Негізгі жазулар (түрі, маркасы ЖЖМ) резервуар нөмірінің төменгі жағында, табанның орталық бөлігінде орналасады. Қосымша жазулар (ЖЖМ стандартының нөмірі, құю күні – резервуарға ЖЖМ құйылған айы мен жылы көрсетіледі, жаңарту күні – ЖЖМ жаңартылған айы мен жылы көрсетіледі, толық талдау күні – осы түрдегі ЖЖМ-ға қолданыстағы паспорт бойынша толық талдау күні көрсетіледі) негізгі жазудың төменгі жағына жазылады. Ескерту жазбалары резервуар нөмірінің үстіңгі жағына және екі жақ қабырғасына (обечайка) қойылады.
ЖЖМ-ды ұзақ мерзімді сақтағандағы көлденең резервуарлардың таңбасы өрт жолы жағынан табанға салынады.
ЖЖМ-ды қысқа мерзімді сақтағандағы көлденең резервуарлардың нөмірі мен ескерту жазбалары жоғарыда көрсетілгендей салынады, ал негізгі жазу өрт жолы жағынан орнатылған тақтайшаға жазылады.
Көмілген және жартылай көмілген резервуарлардың таңбасы 470 × 480 мм өлшемді тақтайшаларға салынады.
Автоцистерналарға, автожанармай құю машиналарына, автомаслозаправщиктерге және автоводозаправщиктерге цистернаның екі бүйір жағына және артқы табанына «ӨРТ ҚАУІПТІ» деген ескерту жазбасы әріп өлшемі мынадай етіп салынады:
Көлем атауы
Көлемі, мм
жанында
артынды
Әріптер биіктігі
200
110
Әріптер ені
80
80
Әріптер қалыңдығы
20
20
Негізгі жазу мен ескерту түсті жолақтары 210 × 75 мм өлшемді биркаға жазылады, ол төгу арматурасының маховикіне бекітіледі.
Бөшкелердің таңбасы мойны бар табанға салынады. Негізгі жазу табанның ортасында орналасады, одан кейін қосымша жазулар келеді. Қауіптілік белгісі (МЕМСТ 19433-88 бойынша) ЖЖМ бар ыдысқа қауіптілік сипатына қарай салынады. Қауіптілік белгісі бұрышқа бұрылған, әр қабырғасы кемінде 100 мм болатын шаршы түрінде болады және екі тең үшбұрышқа бөлінеді.
Шаршының жоғарғы үшбұрышында қауіптілік символы орналасады, ол сондай-ақ екі қарама-қарсы обечайкаға да салынады.
Жабық тигельде тұтану температурасы 61ºC-қа дейінгі оңай тұтанатын сұйықтықтар (ОТС) үшін қауіптілік символы – қызыл өрісте қара түсті жалын.
Улы тұтанғыш сұйықтықтар (УТС) үшін қауіптілік символы – ақ өрісте қара түсті бас сүйек пен сүйектер. Қауіптілік символының астында ЖЖМ қауіптілігін сипаттайтын жазу орналасады. Белгінің шеті бойымен шетінен 5 мм қашықтықта қара түсті жақтау жүргізіледі. Егер ЖЖМ бірнеше түрлі қауіптілікке ие болса, ыдысқа бірнеше қауіптілік белгісі салынады, олар осы қауіптілік түрлерін көрсетеді.
Таңбалау резервуарларға, ыдысқа және тақтайшаларға трафарет арқылы бояумен тікелей салынады. Қолмен таңбалауға жол берілмейді.
Трафареттегі әріптердің биіктігі мынадай болып салынады:
Ыдыс атауы
Әріпті жазудың биіктігі, мм
негізгі
қосымша
РЕЗЕРВУАРЛАР
140
70
КОНТЕЙНЕРЛЕР
100
25
БӨШКЕЛЕР
50
25
КАНИСТРЛЕР
25
12
Сонымен қатар, ЖЖМ тасымалдайтын және құятын автокөлік құралдарында (қауіпті жүк тасымалдайтын) алдыңғы және артқы жағында 690 × 300 мм өлшемді тану белгісі орнатылады. Тану белгісінің сол жақ бөлігі ақ түске боялады, ақ өріске МЕМСТ 19433-88 бойынша қауіптілік белгісі салынады (150×150 мм қызыл шаршы, шаршы шетінен 5 мм қашықтықта ені 5 мм қара жиек, жоғарғы бөлігінде қара жалын, төменгі бөлігінде жүктің қауіптілік сыныбы 3 – ОТС – оңай тұтанатын сұйықтық). Оң жақ бөлігінің ені 400 мм, ол қызғылт сары түске боялады, жоғарғы жағында өрт немесе ағу кезінде адамдарды қорғауға арналған шұғыл шаралар коды (КЭМ) цифрлармен және әріптермен жазылады (1 – құрғақ заттарды қолдану, суды қолдануға болмайды; 4 – көбік қолдану; 5 – канализацияға түсуіне жол бермеу). Оң төменгі бөлікте ООН тізімі бойынша заттың нөмірі цифрлармен жазылады (1203 – автомобиль бензині), барлық жазулар қара түспен орындалады. Цифрлардың биіктігі 100 мм, ені – 55 мм, сызық қалыңдығы – 15 мм. КЭМ және ООН № әріптерінің қалыңдығы кемінде 3 мм. Белгінің шеті бойынша және оң жағының ортасында бөлу жолағы жүргізіледі.
Алдыңғы жағында тану белгісі жүріс бағыты бойынша оң жақта бамперге, артқы жағында – кузов немесе цистерна қабырғасының оң жақ жоғарғы бөлігіне орнатылады.