О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в Мойынкумском районе Қолданыста
Басқа 0
Мойынқұм ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мойынқұм ауданында оңайлатылатын декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мөлшерлемесінің мөлшерін қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне байланысты есепті салық кезені үшін 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.