О признании утратившими силу некоторых решений маслихата Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың шешімдерін қосымша сәйкес күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Мәслихатының шешімдерінің күші жойылған тізбесі
Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 346/46-VIII шешіміне қосымша Мәслихатының шешімдерінің күші жойылған тізбесі
Тармақ 1
1. «Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № № 418/54-VI шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 1244 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 539/73-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 444-1929 шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 1297 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 418/54-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 67/9-VI шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 23795 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 418/54-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 37/4-VIII шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 1342-01 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Астана қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 418/54-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 251/32-VIII шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 1399-01 болып тіркелген).