О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в городе Рудный Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Рудный қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 4 %-дан 3 %-ға дейін төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.