О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в городе Петропавловск Северо-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласында оңайлатылған
декларация негізінде арнайы салық режимін
қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің
мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726 бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Петропавл қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) кірістер (шығындарды есепке алмағанда) бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.