О корректировке базовых ставок земельного налога по городу Петропавловску Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Петропавл қаласы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінің 582-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілген жерлерді аймақтарға бөлу жобаларына (сызбаларына) сәйкес, Петропавл қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінің 577 және 578-баптарында белгіленген базалық мөлшерлемелерден елу пайызға арттырылсын, келесі жер учаскелерін қоспағанда: автотұрақтар (паркингтер), автожанармай құю станциялары үшін бөлінген, казино орналастырылған, сондай-ақ тиісті мақсатта пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелері.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жариялауға жатады және 2026 жылғы 01 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.