О понижении размера ставки налогов по специальному налоговому режиму на основе упрощенной декларации в Жанааркинском районе Қолданыста
Басқа 0
Жаңаарқа ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтарының мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жаңаарқа ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі 4 пайыздан 3 пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.