О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в городе Балхаш Қолданыста
Басқа 0
Балқаш қаласы бойынша
жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 726-бабына сәйкес, Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданған жағдайда корпоративтік немесе жеке табыс салығының (төлем көзіне салық ұсталатын табыстардан басқа) мөлшерлемесін Балқаш қаласы аумағында салық кезеңі үшін алынған (алынуға тиіс) табыстар бойынша 4%-дан 2%-ға дейін төмендету.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі және ресми жариялануға жатады.