Об утверждении коэффицентов зонирования учитывающие месторасположение объекта налогообложения города Кентау и его сел Қолданыста
Басқа 0
Кентау қаласында және оның ауылдарында салық салу
объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу
коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 600-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы №475 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17849 тіркелген) сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кентау қаласында және оның ауылдарында салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Кентау қаласы әкімдігі интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жариялануға жатады және 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Кентау қаласында және оның ауылдарында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Кентау қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 27 қарашадағы
№ 555 қаулысына қосымша
Кентау қаласында және оның ауылдарында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№
Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері
Аймаққа бөлу коэффициенті
1
Кентау қаласы
2,2
2
Ащысай ауылы
1,85
3
Байылдыр ауылы
2,05
4
Қарнақ ауылы
1,95
5
Хантағы ауылы
1,95