О переводе земель лесного фонда в земли населенных пунктов Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Орман қоры жерлерін елді мекен жеріне ауыстыру туралы Қазақстан Республикасының жер кодексінің 2, 109-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Қазалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазалы ауданы «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жанқожа баба» орманшылығы, «Қарақұм» орманшылығы №60,61 орамы, «Сарыбұлақ» орманшылығы аумақтарында орналасқан, жалпы ауданы 413,0 гектар орман қоры жерлері санатынан, орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін Қазалы қаласын, Ажар, Сарыбұлақ, Тасарық, Тасөткел елді мекендерін кеңейту мақсатында елді мекен жеріне ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Жоғарыда көрсетілген жер учаскескелерін пайдалану мақсаты – тұрғын үй салу және елді мекен инфрақұрылымын дамыту.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына және Қазалы аудандық мәслихатының тиісті тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен қаулы және шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.