Об утверждении Инструкции по подготовке, оформлению и представлению материалов заявки на получение разрешения на загрязнение окружающей среды Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоршаған ортаны ластауға рұқсат алуға өтінім материалдарын ұсынуға және рәсімдеуге дайындау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы Табиғатты пайдалануға рұқсат беру жөніндегі рұқсат етілетін жүйелерді жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаны ластауға рұқсат алуға өтінім материалдарын ұсынуға және рәсімдеуге дайындау жөніндегі ұсынылған Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Сараптама және лицензиялау Департаменті (Алиев И.Ж.) қоршаған ортаны ластауға рұқсат алуға өтінім материалдарын ұсынуға және рәсімдеуге дайындау жөніндегі ұсынылған Нұсқаулықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Бұйрықтың орындалуына бақылау жасау қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ж.Бекжановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Қоршаған ортаны қорғау Министр міндетін атқарушының 17 қыркүйектегі 2004 жылғы N 256-П бұйрығының күші жойылсын. _______________________________________ жіберілсін: СжЛД, ҚАҚОҚБ, ОАҚОҚБ
Басқа 0. Қоршаған ортаны ластауға рұқсат алуға өтінім материалдарын ұсыну және рәсімдеуге дайындау жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрдің міндетін атқарушының "Қоршаған ортаны ластауға рұқсат алуға өтінім материалдарын дайындау, рәсімдеу және ұсыну жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 21-ші қазандағы N 280-ө бұйрығымен бекітілген Қоршаған ортаны ластауға рұқсат алуға өтінім материалдарын ұсыну және рәсімдеуге дайындау жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Берілген нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі N 1154 қаулысымен бекітілген Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру Ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Берілген нұсқаулық табиғатты пайдаланушыларға қоршаған ортаны ластауға рұқсат алуға өтінім материалдарын ұсыну (бұдан әрі - Өтінім), сонымен қатар Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мен аумақтық басқармаларының (бұдан әрі - аумақтық орган) қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру (бұдан әрі - Рұқсат) тәртібін реттейді.
Тарау 2. 2. Өтінім материалдарын рәсімдеуге қойылатын талаптар
2. Өтінім материалдарын рәсімдеуге қойылатын талаптар
Тармақ 3
3. Министрлік пен аумақтық органдарға ұсынған өтінім материалдары папкаларда (регистрларда, клип немесе файлдарда) рәсімделуі қажет, келесі бетінде Ережедегі тізбеге сәйкес мазмұны көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Өтінім материалдарының түпнұсқасы ұсынылады.
Тармақ 5
5. Аумақтық органдардың жасаған қорытындысында келесі мағлұматтар болуы қажет:
Тармақша 1
1) әр құжаттың парақ саны көрсетілген материалдар тізбесі;
Тармақша 2
2) өтінім материалдарының Ереже талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды;
Тармақша 3
3) тиісті нормативті талаптарға ластаушы заттардың негізделген сұраным көлемінің сәйкестігі;
Тармақша 4
4) Ластаушы заттар көлемінің өтінімдік кестелерінің қағаз және электронды болжамдары қолда болуы;
Тармақша 5
5) ластаушы заттардың келісілген көлемі. Аумақтық органдардың өтінім материалдары бойынша берген оң қорытындысында қосымша талаптар немесе ескертулер болмау керек. Берілген қорытынды теріс болған жағдайда өтінім материалдары нақтылауға жатады.
Тармақ 6
6. Өтінім материалдарына аумақтық органдармен келісілген, өткен жылғы қоршаған орта өндірістік мониторингі бойынша жылдық есебі қосымша ұсынылады. Қоршаған орта өндірістік мониторингі жөніндегі жылдық есебіне қоршаған ортадағы ластаушы заттардың концентрациясын өлшеу бойынша жұмыс жүргізуге құқық беретін аттестация немесе талдау зертханасы қоса беріледі. 20 парақтан асқан есеп, жеке том болып ұсынылады.
Тармақ 7
7. Шектеулі рауалы шығарынды, шектеулі рауалы төгінді нормативтерінің жобасы, қоршаған ортаны қорғау жұмыс жобаларының бөлімдері мемлекеттік экологиялық сарапшылардың оң іс-әрекеттегі қорытындысы болуы қажет.
Тармақ 8
8. Шайынды сулар төгіндісінің, атмосфералық ауаның ластануның тұрақты көзінен нақты ластаушы заттар шығарындылары көлемдері өткен жылдардағы 2ПТ-ауа, 2ПТ-су шаруашылығы нысындарына жылдық статистикалық есептіліктің деректері бойынша нақтылануда.
Тарау 3. 3. Өтінім материалдарын ұсыну тәртібі
3. Өтінім материалдарын ұсыну тәртібі
Тармақ 9
9. Өтінім жинақтары алдын-ала қаралғаннан кейін ғана тіркелуге жіберіледі. Егер, ұсынылған Өтінім материалдары Ереже мен берілген нұсқаулықтың 2 бөлімінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оның кемшіліктерін 30 күн мерзімдерінде тіркелген күнінен бастап ұсыну және жою үшін қайтарылып беріледі. Сәйкес болған жағдайда материал қарауға қабылданады. Бірінші қарауда көрсетілген ескертулерге, өтінім бойынша қосымша ескертулер жасауға болмайды. Бірінші қарау кезінде қойылған ескертулерді жойғаннан кейін қосымша ескертулер қаралмайды және олар Рұқсат беруден бас тартудың себебі қызметін атқара алмайды. Егер, ескертулер бойынша ақпарат толық емес деп саналса, онда Министрлік (аумақтық орган) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнама шеңберінде қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
Тарау 4. 4. Өтінім материалдарын қарау тәртібі
4. Өтінім материалдарын қарау тәртібі
Тармақ 10
10. Рұқсат алуға берілген Өтінім бойынша қорытынды дайындау және алғашқы келісім, аумақтық органдарда 15 күн ішінде жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Өтінімдердің аумақтық органдарда алғашқы қаралуынан кейін, Ереженің 7 тармағында көрсетілген табиғат пайдаланушылар, Министрлікке жіберіледі.
Тармақ 12
12. Министрлікке жіберілген өтінімдердің аумақтық органдарда алғашқы қаралуынан кейінгі қорытындысымен, берілген нұсқаулықтың 5 тармағына сәйкес аумақтық органдардың қорытындысы жасалынады.
Тармақ 13
13. Аумақтық органдардың жетекшілері Өтінімдердің қаралған алғашқы қорытындысының мазмұнына жауапты.